События

Кәсіби мереке қарсаңында облыстың үздік мемлекеттік қызметшісі анықталды

Салтанатты жиын барысы өнерпаздардың онлайн концертіне ұласты

Қалалық «Жастар» сарайы ғимаратында мемрекелік жиын өтті. Жиынға он шақты адам ғана қатысып, өзге мемлекеттік қызметшілер концертті онлайн түрде тамашалады.

Жиын барысында сөз алған мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департамент басшысы Асхат Ескендіров әріптестерін мерекесімен құттықтады.

– Сіздерді шын жүректен кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын. Тәуелсіз Қазақстанның іргесін берік етіп, кемел келешекке батыл қадам жасауына мемлекеттік қызметшілердің қосқан үлесі зор. Ширек ғасыр ішінде еліміз, абыройы асқақ, мәртебесі биік елдердің қатарына қосылды. Біз ашық демократиялық қоғам құра отырып, нақты көрсеткіштерге қол жеткіздік. Бүгінде, «100 нақты қадам: Ұлт жоспары» аясында кәсіби мемлекеттік аппаратты құры міндеті сәтті жүзеге асырылуда. Барлық мемлекеттік органдарда қызмет істейтін мемлекеттік қызметшілер еліміздің өркендеуіне, дамуына, мемлекеттік қызметтің ижиджі мен мәртебесін арттыруға ат салысып, қатысуда. Әдетте мемлекеттік қызметшілер күнін облыс әкімі мен жүздеген әріптестеріміздің қатысуымен кең залда салтанатты түрде атап өтуші едік, биылша осылай оңаша залда, шағын ғана топ болып өткізуді жөн көрдік. Карантин режіміне қарамастан біз 5 мыңнан астам адам қамтылған 35 шара өткізіппіз. Бірнеше рет Әдеп жөніндегі кеңес өткіздік, – деді құттықтау сөзінде департамент басшысы.

Аталмыш мерекелік шара барысында «Облыстың ең үздік мемлекеттік қызметшісі» байқауының жеңімпаздары марапатталды. Үздіктер қатарында Қостанай облысы бойынша тексеру коммисиясының бас маман заңгері Абылайхан Әбіжамал да бар.

– Мемлекеттік қызмет саласында жүргеніме 5 жылдан асты. Жұмысым өзіме ұнайды. Мемлекетіміздің дамуына барынша үлесімді қосатын боламын. Үздік мемлекеттік қызметші байқауына 17 қатысушының ішінен 1-ші орынды иеленіп отырмын. Бұл байқау 4 кезеңнен тұрды, бар пайым-парасатымды салып кезең-кезеңге өтттім десемде болады. Сонымен қатар, «Мемлекеттік қызметшілерді жақсы жұмыс жасау үшін әлеуметтік қамтамасыз ету» тақырыбында өзімнің эссемді жолдаған болатынмын. Бүгін міне алғашқы орын бұйырып отыр. Барша әріптестерімді бүгінгі кәсіби мерекесімен құттықтаймын, – деді өз сөзінде Абылайхан Әбілжамал.

Марапаттау рәсімінен кейін облыстық филормония өнерпаздарының онлайн-концерті өтті.

Сералы МЫРЗАБАЙ
Суретті түсірген Абил ДОЩАНОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77