Қостанайлық әйелдер «Ұмай» ипотекалық бағдарламасына қайта өтінім бере алады

Қостанай облысында баспана алуды жоспарлап жүрген әйелдер үшін «Ұмай» ипотекалық бағдарламасының жаңа кезеңіне қатысу мүмкіндігі бар.

«Отбасы банктің» ресми мәліметінше, кеше, яғни 15 қазанда Азия даму банкі мен «Отбасы банк» бағдарламаны қаржыландырудың екінші траншын мақұлдады. Қосымша 20 млрд теңге расталғанымен, өтінім қабылдаудың нақты басталу күні әзірге жарияланған жоқ.

“Бағдарламаның өткен кезеңінде тұрғын үй алуға деген сұраныс жоғары болды. 31 тамызда 855 өтінім қабылданып, бөлінген қаражат небәрі жеті сағат ішінде толық игерілді” делінген ресми ақпаратта.

Естеріңізге сала кетсек, «Ұмай» бағдарламасы әйелдерге тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік береді. Алдыңғы кезеңнің шарттарына сәйкес, несие сомасы 50 млн теңгеге дейін жеткен. Жылдық сыйақы мөлшерлемесі 14,8%, ал жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ) 16,3–16,8% аралығында болды. Бастапқы жарна Астана мен Алматы қалаларында 20%-дан, ал өңірлерде 15%-дан басталған.

Бұл шарттар бағдарламаның алдыңғы кезеңіне қатысты. Жаңа кезеңнің талаптары өзгеруі мүмкін. «Отбасы банктің» ресми ақпаратында өтінім қабылдау мерзімі мен жаңартылған шарттар банктің жеке арналары арқылы жуырда жарияланатыны айтылған.

Ұлту ЖҮЗБАЙ

Сурет «НК» мұрағатынан

РЕКЛАМА

НАШИ ПРОЕКТЫ

Edit Template

ТОО «Газета «Наш Костанай»

Копирование и перепечатка материалов ограничена. С условиями использования материалов сайта «Наш Костанай» можно ознакомиться по ссылке.




контакты

Адрес редакции:
110000 г. Костанай,

пр. Аль-Фараби, 90

Телефон/факс 
8 (7142) 54-27-53.
Email: gazeta@top-news.kz

Яндекс.Метрика




партнеры

tobolinfo-logo-new-1
log3
qm_01

Газета «Наш Костанай» © 1990 – 2026.