«Мирас» мәдениет сарайының өнерпаздары «Ұлттық домбыра күніне» орай онлайн концерт ұйымдастырды
Қостанай қалалық «Мирас» мәдениет сарайы «Ұлттық домбыра күніне» орай онлайн концерт ұйымдастырды.
Елімізде Елбасының бастамасымен шілденің бірінші жексенбісі «Ұлттық домбыра күні» деп жарияланған болатын. Көмейінен күмбірлеп күй төгілетін қасиетті қазақ аспабы, дәстүрлі түрде жыл сайын ұлттық деңгейде, кең көлемде ұлықталып келеді.
Қостанай қалалық «Мирас» мәдениет сарайының директоры Мәди Нұрмұхамбетовің айтуынша домбыра күнін кең көлемде атап өту жоспарланған көрінеді.
– Біз негізінде «Ұлттық домбыра күнін» жағалау етегінде, Тобылдың жағасында құрылған үлкен сахна төрінде атап өтуді жоспарлаған едік. Аталмыш шара барысында қаламызға белгілі домбырашыларды шақыртып, өзіміздің өнерпаздарымыздың қатысуымен қазақ күйлерін көрерменге күмбірлете тартып беруге болатын еді. Алайда, елімізде орын алған жағдайа байланысты, біз шағын көлемде іс шарамызды өткіздік, – деді «Мирас» мәдениет сарайының басшысы Мәди Нұрмұхамбетов.
Шара барысында «Мирас» халық ансамблі, «Жұлдыз» домбыра студиясының өнерпаздары бірігіп концерттік нөмір даярлаған.
– Өздеріңіз білесіздер биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл. Осыған орай, домбыра күні қарсаңында, «Мирас» халық ансамблі, «Жұлдыз» домбыра студиясы және аталмыш мәдениет үйдің «Тарлан» бишілер тобының бірігуімен Абай Құнанбайұылының «Торы жорға» шығрамасына композициялық қойылым үйлестіріп шығардық, – деп атап өтті Мәди Нұрмұхамбетов.
Онлайн шара барысында ансамблдің орындауында «Балбырауын, Торы жорға» күйі орындалып, эстрадалық сипатта «Көңіл ашар, Адай» сынды шығармаларды домбырашылар бір бірінен іліп әкетіп, күй тартыс ұйымдастырған. Мұның сыртында, бишілер қазақ нақышта «Қазақша би, Ұлар құс» сынды биден тарту еткен.
– Биыл, Абай Әмірхамзин ағамыздың өмірден озғанына 10 жыл. Ал, ол кісінің Қостанай өңіріне сіңірген еңбегін айтып жатудың өзі артық деп есептеймін. Облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақовпен ақылдаса келе «Мирас» мәдениет сарайының сыртына, Абай ағамыздың жарқын келбеті бейнеленген мемориалдық тақтасын орнатуға шешім қабылдадық. Осының сыртында, мәдениет сарайының ішінен бір бөлмені ағамыздың атына беру жоспарда тұр, – деп атап өтті Мәди Нұрмұхамбетов.
Барша игі істің орындалуына мұрындық болып отырған облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Болатұлына өзінің ризашылығын жеткізізіп, «Ұлттық домбыра күнімен» қала тұрғындарын құттықтады.
– Барша қазақ елін, Қостанай қаласының тұрғындары мен қонақтарын «Ұлттық домбыра күнімен» шын жүректен құттықтағым келеді. Күмбірлеген үнін естіп әр қазақтың баласы ер жетсін, өсіп-өнсін. Домбыра қазақтың қасиетті аспаптарының бірі саналады. Сол себепті қадірін ұғайық, жас ұрпаққа насихаттайық. Қара домбыра әр қазақтың төрінен орын алсын дегім келеді, – деп өзінің ізгі лебізін жеткізді Мәди Нұрмұхамбетов.
Домбыра күніне орайластырылған онлайн концерт домбырашылар мен бишілердің жарасымымен көрініс тапқан «Әлқисса» күйімен қорытындыланды.
Еске сала кетейік, онлайн концерт «Мирас» мәдениет сарайынын әлеуметтік желідегі парақшасында сақталған, @culture_miras парақшасынан тамашалай аласыздар.
Сералы МЫРЗАБАЙ
Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77