Қостанайда жекпе-жек сарайының алғашқы кірпіші қаланды

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Қайырбеков пен Текстильщик көшелерінің қиылысында бой көтеретін жекпе-жек сарайы құрылысының алғашқы кірпішін қалады.

Жалпы құны 4 млрд 780,7 млн теңгені құрайтын бұл жоба үш қабатты ғимараттан тұратын болады. Жалпы ауданы 5 630 шаршы метр.

— Бұл ерекше спорт нысаны. Ол жерде барлық жекпе жек түрі болады. Үш қабатты ғимараттың бірінші қабаты шешінетін орын, жаттықтырушылардың бөлмелері, асхана, ең бастысы 400 шаршы метрден кем емес екі жаттықтыратын орын болады. Ал  1700 шаршы метрлік арена халықаралық жарыстарды ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Онда бір мезгілде 3 татами, 3 кілем орналастыруға болады. Айта кету керек, тек жекпе жек немесе күрес қана емес, спорттық би секілді спорт түрін де қарастырдық. Біз оған арнайы зал жобасын әзірледік. Болашақта ол спорт түрінен де халықаралық сайыстар өткізуге болады. Мұндай спорт сарайы өңірімізде әлі болмаған, — деді қала әкімі Марат Жүндібаев.

Жоба бойынша кешенде балуандарға арналған екі спорт залы, әмбебап спорт залы, тренажер залы, медициналық кабинет және массаж бөлмесі қарастырылған. Сондай-ақ көрермендерге арналған 1 000 орындық трибуна бар. Алғаш кірпішін қалауға арнайы келген облыс басшысы Құмар Ақсақалов аталмыш спорт нысанының мамандандырылған бағытта жұмыс жасауы тиістігін ерекше атап өтті.

— Бір нәтижеге жету, жетістіктер болу үшін жағдай жасау керек. Біз Президентіміздің тапсырмасымен 40-тан аса спорттық нысандар салдық. Бүгін де Қостанайда және оның айналасында ірі 5 спорттық нысан бой көтеруде. Тобыл қаласындағы спорт сарайы, яғни барлық спорт түрлерінің ерекшеліктері ескерілген спорт объектісі. Біздің мақсат спортшыларымызға жеңісті нәтижелер көрсету үшін көмектесу. Қостанай облысы спорттық алаң болуы тиіс. Себебі біздің өңірдің бай спорттық тарихы бар, — деп қорытындылады Құмар Ақсақалов.

Ғимараттың айналасы абаттандырылып, 92 ағаш пен 237 бұта отырғызылмақ. Бұдан бөлек, 124 көлікке арналған автотұрақ салынады.

25- ші қазан, Республика күні қарсаңында алғаш кірпіші қаланған жекпе жек сарайы құрылысы алдағы жылдың дәл осы күні ашылады деп жоспарлануда.

Ұлту ЖҮЗБАЙ
Суреттерді түсірген Әбіл ДОЩАНОВ

РЕКЛАМА

НАШИ ПРОЕКТЫ

Edit Template

ТОО «Газета «Наш Костанай»

Копирование и перепечатка материалов ограничена. С условиями использования материалов сайта «Наш Костанай» можно ознакомиться по ссылке.




контакты

Адрес редакции:
110000 г. Костанай,

пр. Аль-Фараби, 90

Телефон/факс 
8 (7142) 54-27-53.
Email: gazeta@top-news.kz

Яндекс.Метрика




партнеры

tobolinfo-logo-new-1
log3
qm_01

Газета «Наш Костанай» © 1990 – 2026.