«Ұмай» ипотекасы: өтінім қабылдау 3 қарашада басталады

Отбасы банк «Ұмай» әйелдерге арналған ипотекалық бағдарламасының екінші кезеңіне өтінім қабылдауды 2026 жылғы 3 қарашада бастайтынын хабарлады. Бұл кезеңде бағдарламаға 20 млрд теңге бағыттау жоспарланған.

Банктің ресми мәліметіне сүйенсек, өтінім қабылдау мүмкіндіктері  кеңейтілген. Енді әйелдер құжаттарын үш тәсілмен тапсыра алады: банктің сайтындағы «Бейнеқызмет көрсету» сервисі арқылы, Отбасы банкінің кеңесшілеріне жүгіну немесе банк бөлімшесіне бару арқылы.

Бағдарламаның екінші кезеңінде де бұрынғы талаптар сақталып отыр. Негізгі шарттар бойынша:

* Несие сомасы: 50 млн теңгеге дейін;

* Пайыздық мөлшерлеме: жылдық 14,8%;

* Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ): 16,3%-дан 16,8%-ға дейін;

* Отбасының орташа айлық таза табысы: 1 млн 250 мың теңгеден аспауы тиіс;

* Табысты растау: соңғы алты айдағы ресми табыс қажет.

Отбасы банкінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта, «Ұмай» бағдарламасы бойынша бастапқы жарна мөлшері баспана сатып алатын қалаға байланысты екені көрсетілген. Астана мен Алматыда — 20 %, басқа қалаларда — 15%.

Қатысу шарттары мен өтінім беруге қажетті құжаттар туралы толық ақпаратты Отбасы банкінің ресми ақпараттық арналары арқылы білуге болады.

Ұлту ЖҮЗБАЙ

Фото «НК» мұрағатынан

 

РЕКЛАМА

НАШИ ПРОЕКТЫ

Edit Template

ТОО «Газета «Наш Костанай»

Копирование и перепечатка материалов ограничена. С условиями использования материалов сайта «Наш Костанай» можно ознакомиться по ссылке.




контакты

Адрес редакции:
110000 г. Костанай,

пр. Аль-Фараби, 90

Телефон/факс 
8 (7142) 54-27-53.
Email: gazeta@top-news.kz

Яндекс.Метрика




партнеры

tobolinfo-logo-new-1
log3
qm_01

Газета «Наш Костанай» © 1990 – 2026.