ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың мәлімдеуінше 2021 оқу жылынан бастап 1-сынып оқушылары «Сауат ашу» пәнінің орнына «Әліппе» мен «Ана тілін» оқиды
Бұл туралы «Келесі оқу жылында 1-сынып оқушылары «Сауат ашу» пәнінің орнына «Әліппе» мен «Ана тілін» оқитын болады. Олар оқу жылының бастапқы екі тоқсанында «Әліппенің» бағдарламасын оқыса, қалған екі тоқсанда «Ана тілі» пәнін оқиды. Сәйкесінше, орыс тілінде немесе басқа тілдерде білім алатын сыныптарда «Букварь» мен «Обучение грамоте» пәндері жүргізіледі», – деп жазды министр Facebook желісінде.
Сондай-ақ Білім министрі «Әліппенің» Ахмет Байтұрсынұлының әдістемесі негізінде дайындалатынын атап өтті.
«Қазіргі кезде оқулықтарды әзірлеу бойынша үлкен жұмыс жүргізіліп жатыр. Бірыңғай бағдарлама жасаумен айналысатын жұмыс тобын құрдық», – деді А.Аймағамбетов.
Осылайша білімнің бастауында тұрған қасиетті әліппе кітабы қайтадан кішкентай бүлдіршіндердің сауатын ашатын болады.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77