Геосервистер арқылы қызметкер іздеу — бос жұмыс орындарын тез әрі тиімді толтырудың жаңа тәсілі. Бұл әдістің қыр-сыры мен кімге арналғанын түсіндіреміз.
Қазір еңбек нарығында бәсеке жоғары, яғни бос жұмыс орындары көп болғанымен, үміткерлерді қызықтыру оңай емес. Тіпті лайықты ұсыныстардың өзі жүздеген ұқсас хабарландырудың арасында елеусіз қалып, өтінім саны азаюы мүмкін. Бұл жағдайда кәсіпкерлер қызметкерлерді тартудың неғұрлым тиімді әрі үнемді жолдарын қарастыра бастайды.
Үміткерлерді геосервистер, атап айтқанда, 2GIS арқылы іздеу — тиімді тәсілдердің бірі. Бұл әдістің қыр-сырын және кімге тиімді екенін түсіндіреміз.
Қызметкер іздеудің үйреншікті арналары бәсекеге толы, ал кадр тапшылығы әлі де бар
Қазақстанның еңбек нарығында кадр тапшылығы әлі де бар: компаниялардың 78 пайызы қажетті мамандардың жетіспеушілігіне тап болып отыр. Әсіресе жергілікті офлайн-бизнестегі желілік қызметкерлер мен жаппай іріктеуді қажет ететін бос орындарды толтыру қиын.
Ресурстың жетіспеушілігі шағын және орта бизнеске қызметкер тартуды қиындатады, себебі:
- ірі компаниялар сияқты үміткерлерді қызықтыратын жұмыс беруші бренді қалыптаспаған;
- қашықтан немесе гибридті форматта жұмыс істеу мүмкіндігі бола бермейді;
- рекрутинг пен мамандандырылған сервистерге көп қаражат бөле алмайды.
Бизнес шығындарды азайтуға тырысып, қызметкер іздеудің үйреншікті әрі қымбат тәсілдерінен бас тартуға ұмтылады. Тәжірибе көрсеткендей, қажетті қызметкерді іздеу кезінде әртүрлі арналарды пайдалану оны тезірек табуға әрі шығынды азайтуға көмектеседі.
Үміткерлердің назары — өздері іздейтін жерде
Геосервистер әлдеқашан қарапайым навигация құралы болудан қалды, бүгінде миллиондаған адам іздеу жүйелерінің орнына карталарды қолданады. Мысалы, пайдаланушылар жақын жерде шарап дәмсарабы өтетін орындарды интернеттен іздемей-ақ, картаның өзінен тауып, қолайлы нұсқаларды бірден көре алады.
Белгілі бір өнімді не қызметті іздеген мыңдаған адам компания карточкаларын тұрақты түрде қарап отырады. Алайда пайдаланушылардың әрекеті карточканы қараумен ғана шектелмейді. Олардың 65%-ына дейіні компанияға қоңырау шалады, сайтына өтеді, қызметке жазылады немесе кешкі асқа үстел брондайды. Ең алдымен, бұл автосервистерге, сұлулық және денсаулық салондарына, тамақтану орындарына, сондай-ақ медициналық және заңгерлік қызметтер ұсынатын компанияларға қатысты.
Аталған қолданушылардың арасында сізде бос жұмыс орындары барынан әзірге бейхабар болашақ қызметкерлер де болуы мүмкін. Геосервисте вакансия жариялау арқылы олардың назарын аударуға болады.
Геосервис арқылы қызметкерлерді қалай табуға болады
Қазіргі таңда геосервистер геоконтекстік жарнама мен рекрутингті біріктіріп, компания карточкасы арқылы бизнеске қызметкерлерді тартуға мүмкіндік береді. Осылайша, компания карточкасын ашқан пайдаланушы негізгі беттен байланыс ақпаратымен қатар бос жұмыс орындарын да көре алады. Ал барлық ашық вакансиялар туралы толығырақ ақпарат алу үшін компания карточкасындағы «Бос жұмыс орындары» бөліміне өтуге болады. Оған қоса, көптеген бос жұмыс орындарының ішінен керегін табу үшін сүзгіні қолдануға болады.

Жұмыс беруші кез келген уақытта геосервиске жаңа бос жұмыс орындарын қосып, оларды өңдеп немесе өзекті емес вакансияларды өшіре алады.
Әдетте, бос жұмыс орнын жариялау үшін жұмыс беруші жеке кабинетіне өтіп, қысқаша сауалнаманы толтыруы қажет. Ал геосервис интерфейсінде жұмыс іздеуші сайтқа бағыттайтын немесе телефон нөмірі жазылған батырманы көреді. Сондай-ақ танымал рекрутинг сервистерімен интеграцияны баптауға болады. Қажетті деректер автоматты түрде қосылып, вакансиялар арнайы белгімен ерекшеленеді.
Нәтижесінде жұмыс іздеуші бос жұмыс орындарын бірнеше тәсілмен таба алады.
Компания карточкасы. Пайдаланушы жұмысты арнайы іздемесе де, компания карточкасынан вакансияны кездейсоқ көріп, ұжымға қосылуы мүмкін.
Іздеу әдеттегі жолмен жүзеге асады: пайдаланушы алдымен белгілі бір орынды іздейді, содан соң арнайы бөлімнен вакансияларды көреді. Сондай-ақ жұмыс беруші маңызды 10 бос жұмыс орнын тізімнің жоғарғы жағына бекіте алады.
«Жұмыс» қабаты. Геосервистердегі қабаттар немесе «линзалар» картаны өз мақсатыңызға сай баптауға мүмкіндік береді: мысалы, саяхаттағанда, баспана іздегенде немесе көлікпен жүргенде қолдануға болады. Әр қабат қажетті ақпаратты жинақтап, картадағы артық мәліметтерді алып тастайды.
Барлық қолжетімді бос жұмыс орындары автоматты түрде тақырыптық қабатта жинақталады (мысалы, қабат «Жұмыс» деп аталуы мүмкін) және пайдаланушы оны қосу арқылы қаладағы барлық вакансияларды қарап, ұсынысы қызықтарған компанияның карточкасына өте алады.

2GIS деректеріне сәйкес, қаңтар айының өзінде «Жұмыс» линзасын жүздеген мың пайдаланушы қолданған. Бұл ретте бос жұмыс орындарды көргендердің шамамен 40%-ы оны ашып, толығырақ оқып шыққан.
Георекрутингті қай кезде қолданған тиімді
Геосервистер арқылы қызметкер іздеу, ең алдымен, желілік қызметкерлерге сұранысы жоғары әрі жұмысшылары жиі ауысатын офлайн-бизнес үшін тиімді. Олардың қатарында дүкендер, кафелер, тапсырыстарды беру пункттері, қоймалар, сұлулық салондары және басқа да мекемелер бар.
Мұндай компаниялар үшін картада бос жұмыс орындарын жариялау тиімді шешім болуы мүмкін.
Қызметкер іздеуге жұмсалатын қаражат үнемделеді. Бизнес қызметкер іздеуді маркетингтік ілгерілетумен қатар жүргізіп, шығындарды азайтады: компанияның картадағы карточкасы клиенттерге де, жұмыс іздеушілерге де көрінеді.
Бос жұмыс орындарын жариялау жеңілдейді. Интерфейстің қолайлылығы жұмыс берушіге вакансияларды жылдам орналастыруға, ал жұмыс іздеушілерге үйінен жұмыс орнына дейінгі жолды бағалауға көмектеседі.
Жұмыс іздеушілердің сенімі артады. Үміткер жалпылама хабарландырудың орнына фотосуреттері мен пікірлері бар нақты компанияның парақшасын көреді. Бұл оған шешім қабылдауды жеңілдетеді.
Геосервистер пайдаланушылардың қалыптасқан белсенділігі мен үйреншікті әрекеттеріне сүйене отырып, вакансиялардың көрінуін арттыруға, жұмыс берушіге қажетті үміткерлерді тартуға және маман іздеуге кететін уақытты азайтуға жағдай жасайды. Карта жергілікті бизнеске қомақты шығынсыз қызметкерлер тартуға және үміткерлердің назарын аудару үшін бәсекеге түспеуге мүмкіндік беретін тиімді құралға айналуы мүмкін.