Социум

Жылдың алғашқы жәрмеңкесі: 78 тонна өнім сатылымға шығарылды

Осы жолғы жәрмеңкеге 70-тен аса ауылшаруашылығы тауар өндірушілері қатысты

 Қостанай қаласында 10 аудан және Рудный мен Тобыл қалаларының тауар өндірушілерінің ауылшаруашлығы жәрмеңкесі өтті.

Жылдың алғашқы жәрмеңесі болғандықтан жермеңкеге 70-тен аса шаруа қожалықтарының 78 тонна көлеміндегі өнімі сатылымға шығарылды.

Ауылшаруашылығы басқармасы өкілдерінің айтуынша, тұрақтандыру қорынан 9,5 тонна көлемінде өнімнің 5 атауы тұтынушыларға ұсынылған. Оның ішінде, сиыр еті 1 тонна келісі үшін 1650 теңгеден, макарон өнімдері 0,5 тонна келісі үшін 185 теңгеден, картоп 3 тонна келісі үшін 90 теңгеден, сәбіз 1 тонна келісі үшін 87 теңгеден, пияз 1 тонна келісі үшін 70 теңгеден. Сатылатын өнім көлемі шамамен 40 млн теңгеден асып жығылады.

– Жәрмеңкеге Меңдіқара ауданынан арнайы келдім. Бұл жолы 10 бас қой етін әкеліп отырмыз. Қойды сойып бөлшектемей келісін 1500 теңгеден сатудамыз. Өзім мал шаруашылығын жетік меңгергенмін. Қойды таза табиғи өнімдермен жемдеп семірттік. Таңнан бері 3 бас қой өтіп кетті, тағы 2-еуіне тапсырыс беріп кетті. Өтім жақсы болып жатыр, – дейді саудагер Алмат Жарасбаев.

Тұрақтандыру қорының өнімдерімен бөлек, шаруалар әкелген ет өнімінің барлық көлемі 22 тонна болды. Сиыр еті 13,9 тонна келісі 1800 теңгеден, жылқы еті 3,8 тонна келісі 1900 теңгеден, шошқа еті 2,7 тонна кекелісі 1600 теңгеден, қой еті 0,25 тонна келісі 1800 теңгеден, құс еті 1,5 тонна келісі 750-800 теңгеден сатылды.

Жәрмеңкеде әдеттегідей жұмыртқаға кезек молынан болды. Осы жолы жұмыртқаның 144 000 данасы әкелінген, оның бір ондығы 300 теңгеден сатылуда.

Мұның сыртында, қанттың келісі 244 теңгеден 10 тоннасы шығарылды, картоптың 7 тоннасы келісі 90-100 теңгеден, көкөністің 9,5 тоннасы оның ішінде сәбіз келісі 80-90 теңге, пияз 65-75 теңге, қырыққабаттың келісі 70-80 теңге, күнбағыс майының 4 тоннасы литрі 595 теңгеден сатып алушыға ұсынылды.

Жоғары және бірінші сұрыпты ұнның 4 тоннасы келісі 140-160 теңгеден болса, жарма және макарон өнімдерінің 4,5 тоннасы сатылымды. Күріш бағасы келісіне 235-250 теңге болса, макарон өнімінің келісі 185-200 теңгенің арасында.

Сералы МЫРЗАБАЙ 


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77