События

Облысық мешітте алқа мүшелерінің жиыны өтті

Өткен жыл қорытындыланып, алдағы міндерттер анықталды

Қостанай облыстық мешітінде алқа мүшелерінің басқосуы өтті. Осы жиынды Қостанай облысының бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет жүргізіп, өткен 2020 жылғы өңірдегі барлық мешіттерде атқарылған жұмыстарға жан-жақты тоқталды.

Ол өз сөзінде әлемді жайлаған қауіпті дертке қарамастан бірқатар істер тындырылып, қайырымдылық және басқа мақсаттарда жүзеге асырылған мәселелер туралы баяндады.

Бұл күндері өңірде 30 мешіт және 32 намазхана жұмыс істейді. Имамдардың алаңсыз қызмет атқаруына барлық жағдайлар туғызылған. Кадрлар дайындау барысы да көңіл толтырарлықтай.

Мешіт қызметкерлері «Зекет» қорының облыстағы өкілімен тығыз байланыста жұмыс істеп, қаншама көмекке мұқтаж кісілердің алғыстарына бөленді. ҚМДБ-ның 30 жылдығына байланысты да аудандар мен қалаларда жергілікті бауырларымызға өнеге боларлықтай жүзеге асырылған жұмыстар да аз емес.

Жиын барысында Бахытбек Нұрғабылұлы алдағы міндеттер де ауқымды екендігін айтты. Биыл өңірде түрлі деңгейдегі байқау, көрме, спорттық және басқа да шаралар мен жобалар ұйымдастырылатындығын қатысушылардың есіне салды.

Осы отырыста алқаның жаңа мүшелері де бекітілді. Олардың міндеті мен мақсаттары да айқындалды.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77