События

Наурыз мерекесі 10 күн тойланады

Тұжырымдамада одан күтілетін нәтижелер де баса көрсетілген

Үкімет бекіткен тұжырымдамаға сәйкес қазақстандықтар әз Наурыз мерекесін 10 күн тойлауға ниетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Осы орайда Мәдениет және спорт министрлігі Президенттің тапсырмасы аясында «Наурыз мейрамын тойлау тұжырымдамасын бекіту туралы» үкімет қаулысының жобасын әзірлеп, оны «Ашық НҚА» порталына жариялады.

Жобада Наурыз мейрамын тойлауға байланысты іс-шараларды 10-24 наурыз аралығында 10 күн бойына өткізу жоспарланғаны көрсетілген.

Тұжырымдаманы іске асырудың тетіктері келесідей болады:

14 наурыз – «Көрісу күні»
15 наурыз – «Жайлау күні»
16 наурыз – «Шежіре күні»
17 наурыз – «Тарихқа тағзым күні»
18 наурыз – «Игі істер күні»
19 наурыз – «Шымырлық пен шеберлік күні»
20 наурыз – «Зияткерлік күні»
21 наурыз – «Ұлттық тағамдар күні»
22 наурыз – «Ұлыстың ұлы күні»
23 наурыз – «Жоралғы күні»

Сондай-ақ тұжырымдамада одан күтілетін нәтижелер де баса көрсетілген:

1) отбасыны және қоғамды ұйыстыратын құндылықтар нығаяды;

2) экологиялық мәдениетті қалыптастыру, аумақты абаттандыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру деңгейі артады;

3) қайырымдылық пен меценаттықтың мәдениеті қалыптасады. Жаппай санада оларды нығайтуға бағытталған іс-шаралар өткізіледі;

4) ұлттық бірегейлікті нығайту, қазақ халқының ұлттық дәстүрлерін көрсету бойынша бұқаралық іс-шаралар өткізіледі;

5) Қазақстан халқының бірлігі мен келісімі күшейтіледі, жалпы қазақстандық құндылықтар, эволюциялық даму мәдениеті қалыптасады және нығаяды.


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77