Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының түлектері 40 тегін оқу грантына ие болды
Өңірімізде жылдан-жылға білім беру сапасы жоғарлап келеді. Оған дәлел облыс орталығында орналасқан Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатындағы түлектердің ҰБТ-де көрсеткен білім деңгейі болып отыр.
Жалпы, бұл білім ордасы өңірімізде ғана емес, еліміз бойынша ең үздік оқу орындарының қатарына кіреді. Бірнеше жыл қатарынан түлектері ҰБТ-те жоғары балл жинағандықтан, суырылып алға шығып, еліміздегі мақтаулы білім ордаларының қатарына енген. Мемлекетіміздің басқа аймақтарында Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының беделі жоғары. Өйткені, олар Қостанай облысының мақтынышына айналған оқу ордасының білімді шәкірт дайындауда әрдайым алда келе жатқанын жақсы біледі.
Бұл білім ошағы қашанда білікті ұстаздарымен де көпшілікке танымал. Биыл да ұлғатты ұстаздарынан білім нәрімен сусындап, үлкен өмірге қадам басқан түлектер ҰБТ-тен жоғары балл жинап, тегін оқу гранттарын иеленді.
Міне, осындай болашағы жарқын жастарға терең білім беріп отырған мектеп-интернатқа арнайы бассұққан болатынбыз.
Аталмыш білім ордасының директоры Ырсалды Келинбердиеваның айтуына қарағанда, мемлекеттік білім беру гранты үшін конкурсқа 44 түлек қатысқан. Олар ҰБТ-те жоғары көрсеткішке ие болған. Олардың 40 -ы мемлекеттік грант иеленген.
Биыл түлектердің арасында медициналық, техникалық бағыттағы мамандықтарға сұраныс жоғары болып отыр. Осы білім ордасының түлектері иеленген 40 гранттың 9 – көлікпен байланысты техникалық мамандықтар бойынша болса, 2 – агротехникалық саласы, 7- медицина мамандығы, 10 – гуманитарлық мамандықтар, оның ішінде педагогика саласында – 4, биология мен химияның ғылым саласында – 5 грант иелері оқитын болады.
Сондай-ақ мұндағы 2 түлек ІТ саласын тандап, Астана ІТ университетінде білім алады. Жалпы, 45 түлектің 94%-ы еліміздегі жоғары оқу орындарында өздерінің қалаған мамандықтарын игереді.
«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» демекші, білім ордасының түлектерінің ҰБТ-те көрсеткен жоғары көрсеткіштері мұндағы ұстаздар қауымының мәртебесін өсірді. Бүгінде жылдар бойы аянбай еңбек еткен ұстаздар шәкірттерінің жетістіктеріне дән риза.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77