Социум

Ағымдағы жылы өңірдің 63 кәсіпкеріне «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсетілген

Ерекше бизнес-идеяны қолдауға 60 млн теңге бағытталған, оның 30 миллионы жас кәсіпкерлерге беріледі

Жаңа жобаларды іске асыруға «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы арқылы гранттық қаржыландыруды қолға алмақ. Кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшысы Олжас Сапарбековтің айтуынша, гранттар түрлі саладағы тәжірибелі мамандардан тұратын байқау қазыларының шешімі негізінде берілмек. Қайтарымсыз қаржы көлемі 2 млн мен 5 млн аралығында болмақ.

– Жобаның аталған өңір үшін жаңалығы ғана емес, сонымен қатар бәсекеге қабілетті және грант алған жағдайда іске қосуға дайын болуы маңызды. Өткен жылы жалпы сомасы 159,8 млн теңгеге 35 бизнес-идеяға қолдау көрсетілді. Биыл гранттарға 60 млн теңге бөлінді, оның ішінде 30 млн теңге 29 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлерге бағытталған. Жалпы 12 грант беру жоспарлануда. Байқау рәсімдеу шамамен ағымдағы жылдың мамыр айында басталады, – дейді Олжас Сапарбеков.

Бұдан бөлек, егер кәсіпорындарға жетіспейтін инженерлік коммуникацияларды жүргізу талап етіледі. Кәсіпкер басқармаға өтініш бере алады немесе мемлекеттік сараптамамен жобалау-сметалық құжаттаманы ұсына алады.

– Жобаны өңірлік үйлестіру кеңесі мақұлдаған жағдайда, инфрақұрылымды жүргізуге арналған өтінім республикалық немесе жергілікті бюджеттен қаражат бөлу үшін бюджет комиссиясының қарауына жіберіледі, – деп атап өтті ол.

Айта кету керек, бюджет есебінен желілер кәсіпорынның шекарасына дейін ғана жүргізіледі. Қалған аумағына кәсіпкер өзінің есебінен инженерлік желілер жүргізуі тиіс.

– Өткен жылы инфрақұрылым жалпы сомасы 749,7 млн теңгеге 7 жобаға тартылды. Ағымдағы жылы 257,9 млн теңгеге 4 жобаны іске асыруды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, бизнесті қаржылай қолдау емес аясында, 2020 жылы «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы Atameken services https://g4b.kz/ интернет-платформасын іске қосты, онда онлайн режимінде сервистік қолдау және ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету бойынша қызметтерге тапсырыс беруге болады. Бұл платформа «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейді және орталық мемлекеттік органдардың, қаржы институттары мен әкімдіктердің қызметтерін қамтиды, – дейді Олжас Сапарбеков.

Ағымдағы жылдың қаңтар айында өңірдің 63 кәсіпкеріне бизнесті жүргізу бойынша 63 сервистік қызмет көрсетілген.

Сералы МЫРЗАБАЙ
Сурет ашық ақпарат көзінен алынды


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77