События

Қайрат Ахметов тұрғындарды Рамазан айының басталуымен құттықтады

Рамазан айын лайықты қарсы алып, құрметпен өткізуге тілектестік білдірді

Құрметті қостанайлықтар!

Қадірлі мұсылман қауымы!

Баршаңызды өздеріңіз асыға күткен, мұсылман жамағатының ұлық мерекесі – Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!

Ораза – адамзат баласын сабырлылыққа бастап, рухани кемелденуге жетелейтін берекеті мол тәрбие мектебі.

Ата-бабамыз ораза айын ерекше ыждахатпен қарсы алып, әр күнін мәнді өткізуге тырысқан. Бұл берекелі уақытта араздасқан жандар татуласып, сырқаттанса көңіл сұрап, мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, көмекке зәру шаңырақты шат¬тыққа бөлеп, бата¬, алғысқа бөленген. Ғасырдан жалғасып келе жатқан ғұрпымызбен, бабалар салған сара жолды үлгі тұтқан біздің жерлестеріміз де қайырылымдық құағидаттарын берік ұстанып келеді.

Көпұлтты, ынтымағы жарасқан Қостанай жұртшылығының қасиетті Рамазан айын лайықты қарсы алып, құрметпен өткізуіне тілектеспін.

Адам баласының тәубесі мен тәуекелі қабыл болатын осынау мүбәрәк айда қайырлы амалдарыңыз бен сауапты істеріңіз молайып, есендік пен саулықта келесі Рамазан айына аман жетуге тілектеспін! Әрбір отбасына амандық, еңбекте табыс, ырыс пен береке тілеймін!

Құрметпен Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметов


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77