Тұрғындардан түскен өтініштерді зерттеу нәтижесінде 4,9 млн теңге тұтынушыға қайтарылған
Осы жылдың І тоқсаны бойынша «Қостанай облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау» департаментіне тұрғындардан 141 өтініш келіп түскен. Оның 37-сі жазбаша, ал 19-ы Telegram-бот желісіне. Түскен өтініштерді егжей-тегжейлі қарау нәтижесінде 4,9 млн теңге көлеміндегі қаражат тұтынушыға қайтарылған.
– Бүгінгі таңда тұтынушылардың шағымдары бойынша орта және ірі кәсіпкерлік субьектілеріне қатысты 2 жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Нәтижелері бойынша ҚР ӘҚБК 190-бабының 5 бөлігіне сәйкес ескерту түрінде әкімшілік жаза қолданылды. Сонымен қатар 1 тексеру тұтынушының талаптарының қанағаттандырылғанына байланысты, шағымы кері қайтарылып тексеріс тоқтатылды, – деп атап өтті департамент басшысы Мырзахан Ерқанов.
Айта кету керек, егер де бірінші рет құқық бұзушылық жасалған жағдайда кәсіпкерлік субьектісіне ескерту беріледі, ал екінші рет құқық бұзушылық болған жағдайда ҚР ӘҚБК 190-бабының 6 бөлігіне сәйкес айыппұл салынады.
– Мысалы, шағын кәсіпкерлікке айыппұл мөлшері 20 АЕК (58340 тенге), орташа кәсіпкерлікке 30 АЕК (87510 тенге), ірі бизнеске 50 АЕК (145850 тенгеге) дейін айыппұл салынады, – дейді департамент басшысы.
Сералы РАМАНҰЛЫ
Сурет ашық ақпарат көзінен алынды
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77