Библиографиялық құралмен кітапхана сайтына кіріп толық танысуға болады
Қостанай жері өлкеміздің және жалпы еліміздің тарихында өз ізін қалдырған адамдарға бай. Солардың бірі – Ыбырай Алтынсарин. 2021 жылы еліміз ұлы ұстаз, ағартушы, жазушы және қоғам қайраткерінің туғанына 180 жыл толуын атап өтуде.
Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығында Ы. Алтынсариннің мемлекетіміздің қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі мен мәдени мұраны сақтаудың маңыздылығын ескере отырып Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімі «Даланың дара ұстазы» атты библиографиялық құралды жарыққа шығарды.
Құрастырушылар басылымда материалдың толық қамтылғанына еш талас тудырмастан педагогтың өмірі мен қызметі туралы ақпаратты барынша көбірек көрсетуге, оның ағартушылық және педагогикалық қызметін, өмірбаянын, әдебиеттер тізімін барынша молырақ ұсынуға тырысты.
Басылымның мақсаты – Ы. Алтынсарин туралы облыстық кітапхана қорында бар барлық материалды жинап, оны бір құралда көрсету.
Құрастырушылар құралдың ғылыми сипатына және онда ұсынылған мәліметтердің дәлдігіне талас тудырмайды. Қордағы дереккөздерде Ы. Алтынсариннің өмірбаянына қатысты күндер мен оқиғаларда айырмашылықтар кездеседі.
Басылым көпшілік пайдаланушылар қауымына арналған.
Библиографиялық құрал қазақ және орыс тілдерінде шығарылады.
Құралдың материалы www.kstounb.kz сайтында орналастырылған.
Гүлмира ТӘТЕНОВА,
Л. Толстой ат ОӘҒК ақпараттық-библиографиялық
қамтамасыз ету бөлімінің
деректер базасының бас әкімшісі
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77