События

«Туған жердің даусы» атты әдеби марафон ұйымдастырылды

Марафонға кітапхананың белсенді де тұрақты оқырмандары атсалысты

Н.Островский атындағы қалалық кітапханасында «Туған жердің даусы» атты онлайн режимде әдеби марафон ұйымдастырылды.

Бұл шарада кітапхана оқырмандары өңіріміздің және еліміздің ақын-жазушыларының Қостанай қаласына арнаған шығармаларын жатқа оқыды.

Бейнежазбада Қостанай қаласының өткен жылдардағы кейпі көрсетіліп, кітапхана оқырмандары Мариям Хакимжанованың «Керуен басы – Қостанай», Жолбарыс Баязидтің «Қостанай туралы жыр», Батыврбек Калимовтың «Легенда о Костанае», Ғайнижамал Бердалинованың «Қостанай асыл мекен құт дарыған», Александры Суслованың «Песня о Костанае», Нұрболат Мешітбаевтың «Қостанайым», Балтасара Изтелеуованың «Абат қалам Қостанай!» сынды басқа да ақындардың өлеңдерін жатқа оқыды.

Аталмыш марафонға кітапхананың белсенді де тұрақты оқырмандары Ольга Манахова, Альбина Муратбекова, Булат Турекешев, Жанель Бағланқызы, Ердаулет Аралбеков, Диляра Бағланқызы, Анеля Алшоразова, Дильнара Марат, Мөлдір Бейсовалар қатысты.

Әдеби марафонның қатысушыларының кітапхананың YouTube каналы мен әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында жарияланды.

Екатерина Севостьянова,
кітапханашы


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77