Олар тест сұрақтарына жауап берді
Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің найб имамы Нұрлан Сейдағалиевтің ұйымдастыруымен «Қош келдің, Рамазан!» атты Мұхаммед пайғамбарымыздың 40 хадисін жатқа оқудан шәкірттер арасында сайыс болып өтті.
Бұл шәкірттерге берері мол байқау Бас имам Шоқан қажы Әмірхановтың сөзімен басталды.
Жарыста Қостанай облыстық мешітінен – 4, Рудный қаласының «Нұр» мешітінен – 4, Қостанай ауданының «Маңдай батыр» мешітінен – 2 және «Жайлаубай ата» мешітінен 5 талапкер қатысып, бақтарын сынады.
Сайыс негізінен 3 бөлімнен тұрды. Онда шәкірттер тест сұрақтарына жауап беріп, хадисті жатқа айтып, жазды.
Жарыс болған жерде жеңімпаз болары да белгілі. Барлық сынақтан сүрінбей өтіп, топ жарған Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінің шәкірті Рамазан Маханбет жүлделі орынды жеңіп алды. Ал екінші орынды Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің шәкірті Айбек Ормаров иеленді.
Сонымен қатар, жүлделі қос үшінші орындарды облыстық мешіттің шәкіртері Бекжан Сақыбеков пен Абылай Хайруллалар өзара бөлісті.
Жеңімпаздар арнайы мақтау қағаздарымен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Аягөз КӘКІМЖАНОВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77