Новости

Домбыра күніне орай кеш өтті

Онда күй орындалып, жиналған қауым ерекше әсер алды

Бүгін Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейінде Ұлттық домбыра  күніне арналған «Бағзыдан жеткен баба сарыны» атты экспозиция бұрышының ашылу  салтанаты мен мерекелік кеш болып өтті.

Іс- шараның мақсаты-  жастардың ой ұшқырлығын шыңдап, ата- бабадан  қалған, тарихымыздың куәсі қасиетті домбыраға қызғушылықтарын арттыру.

Аталмыш шараға шаһарымыздың  зиялы қауым өкілдері, өнерпаздар. Балалар шығармашылығы мектебінің «Нұрлы әуен» студиясының шәкірттері мен ұстаздары қатысты.

Мерекелік шараны ұйымдастырушысы, қор сақтаушы Айымгүл Жүністің айтуына қарағанда, бұл экспозиция бұрышына Е.Өмірзақов,С.Қожамқұлов, М.Хәкімжанова, Ш.Торышев,Т.Дарқанбаев, С.Досанов,  Ә.Беркенова сынды өнер саласының майталмандарының жеке домбыралары  арнайы қойылыпты. Бұл құнды дүниелердің мәдениетімізде алар орны ерекше. Сондықтан жас толқы бұл қасиетті домбыралармен танысып, естерінде мәңгі сақтаулары тиіс.

Елбасының «Болашашаққа бағдар: рухани жаңғыру» деп аталатын аса құнды мақаласының аясында қасиетті қара домбырамыздың өзіндік жеке мерекесі пайда болғаны белгілі.

Қазақ десе ойға бірден қоңыр үнді күмбірлеген қасиетті ағаш домбыра көзімізге елестейді. Осынау қоңыр үнмен кезінде ата-бабаларымыз қуанышты хабарды да қағилы оқиғаны деп халқына жеткізіп отырған.

Әсіресе, «Қыз Жібек пен Төлеген» фильміндегі Шегенің рөлін сомдаған Әнауар Молдабековтың домбырасының күнін айтсаңызшы. Бала кезімде қараған сол фильмнен есімде сақталғаны Ануар Молдабековтың домбыра қағысы. Сондағы осынау киелі домбыраның қоңыр үні аспанда қалқып, кез-келген жанды тәнті етті. Сол құлағымда жағымды үн әлі күнге дейін жадымда.

Міне, добыраның құдіреті осында болса керек.

Кеш басында, балалар шығармашылық мектебінің «Нұр әуен» студиясының шәкірттері «Балбырауын», «Әлқиса» күйлерін нақышына келтіре орындап,  жиналған қауымға керемет көңіл-күй сыйлады.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА

Суретті түсірген автор


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77