Бүгінде жол жиектеріндегі қоқыстарды шығару мен жол белгілерін жуу жұмыстары қарқын алған
Көктемнің келсімен қар еріп, қыс бойы қардың астында жатқан қоқысты сыртқа шығып, қаланың көркін бұзатыны жылда орын алатын жағдай. Міне, Қостанай қаласының көшелерінің бойынан қоқысты тазарту науқаны да басталып кетті. Осы мақсатта «Таза жол» ЖШС, «АБЗ+» ЖШС, «Конгломерат KZ» ЖШС және «Капитал клуб союз» ЖШС-ның қазметкерлері кіріскен.
Шаһарымыздың көшелерінің тазалығын тікелей жауапты «Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ қаламыздың барлық аумағында тиісті тазалық жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп жатыр.
Бүгінде қаланың Солтүстік-Батыс бөлігінде де көшелерді тазарту жұмыстары қарқын алған.
-Жылда осы кезде қала көшелерін қоқыстан тазарту жұмыстары бастау алады. Біздің мекеме қаланың барлық бөлігін тазартумен айналысып жатыр. Мысалы, жақында біз қаланың Солтүстік-Батыс бөлігінде жатқан Н.Назарбаев даңғылы мен К.Дөненбаева көшелерінің қоқысын тазарту жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Сонымен қатар қазір қала көшелеріндегі жол белгілерін, қақпаларды, жолдардың жиегін жуу жұмыстары жүргізілуде. Әрине, жолдың жиектерінде қоқыстар көп кезедеседі. Оны бірден бір күнде жинап тастау мүмкін емес. Сондықтан қала тазалығына жауапты мекемелер күнделікті өздеріне бекітілген территорияны қоқыстан тазартып жатыр. Осылайша алдағы уақытта сүйікті қаламыздың көшелері айнадай таза болады,-дейді «Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің көкалдандыру секторының меңгерушісінің міндетін атқарушы Қайыржан Бажиров.
Кала көшелерінің тазарып жатқанына тұрғындар да дән риза. Олар қар астынан шыққан қоқыстардың дер кезінде тазартылып, көшелердің сыпырылып, дер кезінде тазалық жұмыстарының бастау алғанын айтады.
-Мен «Қостанай 2» шағын ауданында тұрамын. Жылда осы кезде көшелерде тазалық жұмыстары жасталады. Биыл да белгілі мекемелердің көше бойларын сыпырып, қоқысын тазартып жатқанын көріп жүрмін. Сондай-ақ балалар ойнайтын алаңдар да әрдайым таза. Маған қаламыздың тазалығы ұнайды. Әрине, күн жылып, қар еріген кезде көшелерде қоқыс көбейіп кетеді. Бірақ бұл қоқыстар дер кезінде жиналады. Сондықтан сүйікті қаламыздың таза да сәнді болғанына өзім ерекше қуаныштымын,-дейді Назгүл Бекентаева.
Осы орайда 14 сәуір күні қалалық әкімдіктің бастамасымен екі айлық сенбілік бастау алады. Қаламызды көгалдандыру, таза ұстау мақсатында өтетін сенбілікке барша Қостанай қаласының тұрғындары үлес қосса нұр үстіне нұр болар еді. Осы шара аясында көшелер, автокөлік тұрақтары мен үйлердің аулаларын қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізілетін болады. Жеке үй тұрғындарын, мекемелердің қызметкерлерін осынау екі айлық сенбілікке белсенді түрде қатысып, әсем де көрікті қаламызды ажарландыра түсуге өз көмектерін көрсетуге шақырамыз.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Суретті түсірген Владислав ВЫСОЦКИЙ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77