Сол себепті олардың өмір сапасы жақсарды
Бүгінде елімізде көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы бұрынғы көрсеткіштен біраз өскені белгілі. Оны алу үшін мемлекетіміздегі барлық көпбалалы аналар арнайы құжат дайындап, алдына ала тапсырған болатын. Осы жәрдемақыны тағайындайтын мекемелердің толық тексеруінен өтіп, тұрмыс жағынан қосымша жәрдемақы алуға лайық деп танылғандарға жәрдемақы тағайындалды.
Міне, осындай жандардың бірі Затобол кентінің тұрғыны Әлия Қуанышқызы.
Ол бес баланы дүниеге әкелген бақытты жан. Бала өмірдің мәні десек те, оны қатарынан қалдырмай өсіру көп қаражатты қажет ететіні белгілі. Сондықтан еліміздегі көпбалалы аналарға үстіміздегі жылдың 1 сәуірінен бастап, жәрдемақы өсіммен берілді.
Әлия Қуанышқызы мектеп жысындағы 5 баласына тәлімді тәрбие беріп отырған үлгілі ана. Ол осы бүлдіршіндері үшін мамыр айының басында мемлекеттен 124 мың теңге көлемінде жәрдемақы алып, үлкен қуанышқа кенелді.
-Қазіргі таңдап мен балаларым үшін өспелі түрде жәрдемақы алып отырған жандардың бірімін. Біз секілді көпбалалы отбасыларына көмектесіп, қолдау танытып отырған үкімет басшыларына айтар алғысым шексіз. Ай сайын алатын жәрдемақым өскенен кейін балаларыма қалағандарын алып бере алатындай мүмкіндікке ие болдым,-дейді жүзінен шаттық көрінген ана.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77