Қаламызға Ақтөбе облыстық «Алақай» балалар театры келді. Бұл екі қала арасындағы тәжірибе алмасу болып табылады.
Қаламыздағы қуыршақ театрының қойылымына мектеп жасындағы бүлдіршіндерді ұстаздар қауымы арнайы әкеліп, балалар қуанышқа кенелуде. Соңғы күні ақтөбелік қонақтар мәдениет қызметкерлері үшін арнайы көрсетілім өткізді, театр басшылығы айтып кеткендей Ақтөбеден қонақ күн сайын келе бермейді.
– Театрда 150-160 орын бар. Бірінші күннен бастап зал толық болды. Күніне үш-төрт көрініс көрсетілсе, соның бәріне көрермендер көп келді. Мекемелер, мектептер және балабақшалардағы қойылымдарда да адам лық толы балғандығын айтып актерлер қуанып жатыр. Бізде болашақта аздап болса да театрымызды қазақшаландыруға кірісіп жатырмыз. Қазіргі таңда қазақ тілді актерлерді іздестіріп жатырмыз. Болашақта қазақша көрсетілімдерді көбейту үшін жұмыстар жасап жатырмыз, – дейді қуыршақ театрының басшысы Мәди Нұрмұхамбетов.
– Біздің театрымызға биыл 37 жыл толып отыр. Міне, көптеген жылдар бойы балаларды қуантып жүрміз. Келісімшарт бойынша Қостанай жеріне келдік. Басты мақсатымыз әрбір қалаға барып, тәжірибе алмасу. Біз көбінде қазақ тілінде қойылым көрсеттік, әрине, орыс тілінде де болды. Қалаға қазақ тілді қойылымдар қажет екені көрініп тұрды, көрермендер өте көп болды, – деді «Алақай» театрының мүшелері.
Оған қоса алда Алматы қаласында өтетін фестивальге қаламыздың бірнеше актері біліктілікті арттыру, тәжірибе алмасу мақсатында қатысып қайтатын болады.
Аяжан СЕРІК,
суретті түсірген Лариса БОЖКО
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77