Қостанай облыстық Ы. Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасында 26 сәуір «Ұлттық рухани жаңғыру» бағдарламасына қолдау көрсету жобасы аясында Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай, негізгі мақсаты – балалар арасында оқу мәдениетін көтеріп, әдеби талғам қалыптастыру және қазақстандық авторлардың, сондай-ақ жақын және алыс шетел елдердің заманауи көркем әдебиетін насихаттауды көздейтін Х-шы қатарынан өткізіліп келе жатқан «Сөз құдіреті» мәнерлеп оқу байқауы өтті.
Бұл байқау 10 жыл бойы барлық көркем әдебиет әуесқойларын біріктіріп, Қостанай облысының балалар кітапханаларының өміріндегі ең жарқын оқиғалардың бірі болып табылады.Өйткені, бұл байқау өзіндік кішігірім тарихы мен ережесі бар сайыс. Байқауда аудандық, қалалық балалар, ауылдық кітапханаларының аудандық (қалалық) іріктеу турларынан өткен жеңімпаздары ғана өзара сайысқа түсті. Жыл сайынғы өтетін әдеби сайыстың қорытындысы бойынша мына балалар жеңімпаз атанды:
«Мұра» – Орынтай Айзере, Қостанай ауданы;
«Әртістік шеберлігі үшін» – Квинт Жасмин, Денисовска ауданы;
«Ерекше таңдау» – Әжғалиева Нұрай, Қостанай қ.;
«Үздік бейне» – Мукомолов Константин, Қарабалық ауданы;
«Шығармашылық эссе» – Зубаль Даниил, Қостанай қ.
Байқау жеңімпаздары:
1 орын – Адай Бекарыс, Науырзым ауданы;
2 орын – Алдамұратов Азат, Лисаков қ.;
3 орын – Абжан Нұрикамал, Арқалық қ.
Сондай-ақ, биылғы жылы байқауымызға басты демеушілік еткен “Баян Сұлу” кондитерлік фабрикасы барлық қатысушыларға тәтті сыйлықтар жасап, балаларға қуаныш сыйлады.
Жан ШАЙМЕРДЕН
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77