Біздің Қостанай Социум

Жеңіс күні қарсаңында ардагерлерге медициналық көмек көрсетілуде

Ұлы Жеңіс күні қарсаңында “Ардагерлерді ардақтайық” партиялық жобасы жұмыс істеуде. Жоба аясында қарттарға дәрігерлік кеңестер беріліп, алғашқы тексерулер жүргізілуде

Бұл игі іс 2014 жылы бастау алып, бүгінгі күні жалғасын тауып отыр. Жобаның мақсаты аға буын өкілдерінің өмір сүру сапасын арттыру. Денсаулық зор байлық екенін алға тарту.

Іс-шараға «Amanat» партиясының облыстық филиалының өкілдері, қалалық мәслихаттың депутаттары Надежда Костенюк, Гүлшат Жұмабаева, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету мамандары атсалысуда. Жоба аясында партияның серіктестері «Ардагерлер ұйымы» РҚБ, «Qazaqstan Ardagerleri» қауымдастығы, «Ұлттық волонтерлік желі» ҚБ, «Amanat» партиясының «Жастар рухы» жастар қанаты болып табылады.

Олар қаламыздағы жалғыз ілікті жандар мен ардагердің үйлерінде болып дәрігерлік кеңестер беріп, алғашқы тексерулер жүргізді.

– Біз акция аясында бір күнде бес қарт кісінің үйлеріңде болдық. Оларға медицина саласын бір табан болса да жақындата түстік. Дәрігерлер тарапынан алғашқы тексерулер мен ұсыныстар айтылды. Осындай акциялар алдағы уақытта жалғасын табады деп сенім білдіремін, – деді қалалық мәслихаттың депутаты Надежда Костенюк.

Жан ШАЙМЕРДЕН


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77