Социум

Жоба аясында семинар өтті

«Жаңашыр бол» Қоғамдық Қоры “Қостанай қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі “ММ тапсырысы бойынша “Жастар арасында қазақстандық отбасының оң имиджін насихаттау” жобасын іске асыруда

Міне, осыған орай «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында семинар өтті. Оған халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері, педагогтар, сондай-ақ әлеуметтік қызметкерлер қатысты.

Отбасылық ұрыс – керіс, бала тәрбиесі, жыныстық қатынас, ата-ана мен бала қарым қатынасы төңірегінде әңгіме қозғалды.

-Қазір тұрмыстық зорлық-зомбылық тек біздің республикамызда ғана емес, барлық елдерде де өзекті мәселе болып отыр. Бір кездері отбасы мәдениеті, оның құндылықтар өте қатты насихатталды. Егер отбасында қандай да бір жанжал болса, адамдар жиналысқа шақырылып, талқылап, бір шешімге келген. Ал қазір олай емес. Тіпті балаларға ешкім назар аудармайды. Әрқайсысы өз алдына, бір-біріне параллель өмір сүреді, біреудің міндеттерін ескере отырып, бір жерде байланыста болады. Ақыр соңында, егер қандай да бір келісім болмаса, жанжалдан кейінгі жанжал болса, әрине, отбасы ыдырайды, – дейді психолог маман Людмила Должикова.

Семинар барысында мұғалімдер психологтан балалармен қалай дұрыс қарым қатынас жасау керек деген сияқты сұрақтар қойып, өздерінің жауаптарын алды. Барлық тақырыпты ашық, толық күйінде қарастырып, аудиоториямен жұмыс жасады. Оған қоса, түрлі мысалдар айтылып, семинар соныңда қатысушылардың нені жаңадан білгендері туралы анкета толтырды.

Аяжан СЕРІК

Фотоны түсірген автор


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77