Сегізінші шақырылымдағы халық қалаулыларының үшінші сессиясы өтті
Сессияда әкім депутаттарға қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп беріп, жоспарлары туралы айтып берді.
Қазіргі таңда Қостанайда жүріп жатқан жұмыстар жайында толығырақ мәлімдеп, кейбір мәселелердің шешімін ұсынды.
Қала әкімі «Қонай», «Аэропорт», «Юбилейный» шағын аудандарындағы мәселелер бойынша, бірнеше күн бұрын болған жаңбырдың себебінен Назарбаев көшесіндегі жолдың су астында қалғаның және оны шешу жолдары жайында айтты. Әкімнің айтуынша, жоспар дайын тұр, оны іске асыру ғана қалды. Келесі жылы, яғни 2024 жылы бұл жағдай қайталанбайтындығын атап өтті.
– Қонай шағын ауданындағы мәселелерді барлығымыз білеміз. Ол мәселелердің кейбіреуін осы жылы шешіп үлгермейтін шығармыз. Сондықтан келесі жылға қалуы мүмкін. Одан бөлек басқа да шағын аудандардағы үйлерді салып біткеннен кейін біздің қаламыздың тұрғындарының саны бірнеше мыңға өсетіні анық, – дейді қала әкімі.
Одан бөлек осы жылдың соңына дейін Аэропорт пен 2 Қостанай арасындағы жол салынып бітетіндігін мәлімдеді. Оның ұзындығы 1,2 км құрайды. Сонымен қатар қазір жүріп жатқан реконструкция, түрлі бағдарламалар жайында толық ақпарат берді.
Аяжан СЕРІК
Суретті түсірген автор.
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77