Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінің экспозиция залында Л.И.Русин атындағы жеке меншік көркем сурет мектебінің «Өнер көшірмеде.Шеберлік көрінісі»атты көрмесінің ашылуы өтті
– Сурет салу техникалары заманауи стильде жасалады. Мысалы, менің оқушыларым Ребихтің көшірмелерін салған. Балалар ұлы суретшінің техникасын игеріп, оның мағынасын түсініп, үйренуге тырысады. Көшірме жасау көрінбей тұрған бөлшектерді көру, техниканы соған байланысты таңдау, оны зерттеу, сонымен қатар түстердің схемасын таңдауды үйретеді. Бұл ұлы шеберлерді көшірудің арқасында жүзеге асырылады. Менің ойымша, бұл өте пайдалы,- дейді Галина Никифорова, Л. И. Русин атындағы өнер мектебінің оқытушысы.
Көрмеге оқушылардың 60-тан астам тақырыптық жұмыстары ұсынылған. Мұғалімнің бағыт беріп, түзетуі барысында оқушылардың көркем сурет шығармашылығындағы қол жеткізген оқу нәтижелерін толық көрсете білуге мүмкіндік береді.
– Бірінші сыныпқа барып, сонымен қатар өнер мектебіне түстім. Ол жерде екі дайындық сыныбында оқыдым , содан кейін толық өнер мектебіне оқуға түстім. Оны қызыл дипломға бітіріп, қазір жоғарғы оқу орынына дайындық курстарына барып жүрмін. Мен архитектор болғым келеді. Сондықтан бұл бағытты бастапқы дайындық кезең деп айта аламын, – дейді өнер мектебінің түлегі София Захарченко.
«Өнер көшірмеде. Шеберліктің көрініс» көрмесі арқылы шығармашылық жұмыстардың нәтижесінде өнер мектебінің оқушылары өздерінің теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын бекіте түседі. Сабақ барысында студенттер қылқалам шеберінің шығармашылық тәсілін меңгеріп, өзіндік кескіндеме әдістерін таңдай алады. Аталған көрмеге 9 жастан 69 жас аралығындағы үйренушілердің жұмыстары қойылған.
Аяжан СЕРІК,
суретті түсірген автор
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77