События

Қаламыздың ойын сауық орталығында «Жырлайды жан жүрегім жақсыларым» поэзия кеші өтті

Қазір қаламызда Л. Н.Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Қазақ әдебиеті апталығы» өтіп жатыр

Бұл іс-шара екінші жыл қатарынан ұйымдастырылды.

– Тізгінді жастарға берген жөн деп санадық, сондықтан осы жылы барлық іс шаралардың басты қатысушылары жастар. Екіншіден барлығы қазақ тілінде өтуде, бұл өңірімізде қазақ тілін насихаттау, қазақ жазушыларының туындылары есте қалумақсатында жасалып отыр , – дейді Л. Н.Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының басшысы Дариға Дүйсенбаева.

«KOSTANAY PLAZA» СОО-да Қазақстан Жазушылар одағы Қостанай филиалының мүшелері, «Ақ қауырсын» және «Толқын» клубтарының мүшелері, Қостанай қаласының жас ақындары, кітапхана оқырмандары және көркем сөзге бейжай қарамайтын барлық қала тұрғындары «Жырлайды жан жүрегім жақсылықты» атты поэзия кешіне қатысты. Біршама көрерменді жинап, түрлі ойындар мен викториналар өткізілді.

– 13 жасымнан бастап өлең оқу, оны жазуға қызығушылығым оянды. Ең алғашқы өлеңім анам ауырып қалғанда жазған едім. Көбінесе махаббат пен жақындарым туралы жазамын. 50-ге жуық өлеңім бар. Поэзия оқудан түрлі сайыстарға қатысып, орындар алып жүрмін, -дейді А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің қазақ тілі және әдебиет факултетінің 1 курс студенті Тоғжан Өскенбай.

Аптаның соңына дейінде әлі талай іс-шаралар жоспарланған. Ақын-жазушыларға арналған кездесулер, жинақ тұсаукесері өтетін болады. Түрлі бағыттағы танымдылығы мол іс-шараларға толы «Қазақ әдебиеті апталығы» біздің өңірдің ғана емес, бүкіл Қазақстанның рухани дамуына елеулі үлес қосатыны сөзсіз.

Аяжан СЕРІК,
суретті түсірген автор


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77