Қостанай қаласындағы «Юбилейный» шағынауданындағы аллея – тұрғындардың сүйікті демалыс орны

Қостанай қаласының «Юбилейный» шағынауданындағы аллея бүгінде тұрғындардың сүйікті демалыс орнына айналды. Заманауи үлгіде абаттандырылған аумақта күн сайын жүздеген адам серуендеп, бос уақытын тиімді өткізуде.

Жаңа ауданның тұрғын үйлерінің арасында орналасқан аллея, тығыз қалалық матаның ішінде тыныш, әуе кеңістігі сезімін тудырады.

Бұл орын тұрғындардың серуендеуі үшін негізгі демалыс аймақтарының біріне айналған. Аллея тұрғын үйлер мен спорт кешенінің жанында орналасып, демалыс пен белсенді өмір салтына қолайлы орта қалыптастырады.

Аллеяның басты ерекшелігі — жасыл желектің көп болуы. Мұнда отырғызылған ағаштар мен бұталар жылы айларда көлеңке жасап, серуендеуге қолайлы жағдай тудырады.

Кешкі уақытта бұл жер әсіресе жандана түседі. Балалардың күлкісі, велосипед тепкен жастар мен серуендеген отбасылар бұл жердің нағыз қоғамдық кеңістікке айналғанын көрсетеді.

Тағы бір айтып кететін жайт, аллеяның тиімділігі, оның барлық жастағы адамдарға қолайлы болуы. Балалар ойнап, жастар велосипед теуіп немесе спортпен шұғылданса, егде жастағы тұрғындар таза ауада серуендеп, демалады. Сондықтан бұл орын аудан тұрғындарын біріктіретін ортақ кеңістікке айналған.

Аллеяның жанында жабық спорт кешені орналасқан, сондықтан бұл аумақ тұрғындар үшін одан әрі тартымды. Біреулер спортпен шұғылдануға барса, енді біреулер таза ауада серуендеуге шығады. Дегенмен, аллеяның инфрақұрылымы әлі де қарапайым деңгейде.

Негізгі кемшіліктердің бірі — балалар ойын алаңдарының жоқтығы. Бұл әсіресе жас балалы отбасыларға қолайсыздық тудырады, себебі балаларға ойнайтын арнайы орын қарастырылмаған. Бұл тарапқа сай, біз аллеяға келушілермен тілдесіп, олардың пікірін білген едік.

Аллеяның тұрақты келушілерінің бірі — зейнеткер Галина Ивановна. Оның айтуынша, бұл жер күнделікті серуендейтін сүйікті орнына айналған.

— Мен мұнда күн сайын келемін. Әсіресе жүгіру жолақтарының жұмсақ жабыны ұнайды. Жүруге өте ыңғайлы, аяққа да жеңіл. Таза ауада серуендеп, демалып қайтамын, — дейді тұрғын.

Дегенмен кейде жаяу жүргіншілерге велосипед пен ролик тепкен балалар кедергі келтіретінін де жасырмады.

— Балалардың спортпен айналысқаны жақсы ғой. Бірақ кейде қатты жылдамдықпен өтіп кетеді, сондықтан абай болуға тура келеді, — дейді ол.

Зейнеткердің айтуынша, биыл аллея аумағында көптеген ағаш отырғызылған.

— Биыл көп ағаш егілді. Қазірдің өзінде айнала әдемі көрінеді. Ал гүлдер отырғызылса, тіпті көркейіп кетеді деп ойлаймын. Барлығымыз соны күтіп жүрміз, — дейді кейуана.

Ал аллеяны тағы қалай жақсартуға болады деген сұраққа ол жарықтандыруды күшейтуді ұсынды.

— Жалпы, мұнда орындықтар да, қоқыс жәшіктері де жеткілікті. Ешқандай мәселе жоқ. Тек кешкі уақытта жарық шамдары көбірек болса екен деймін. Сонда аллея бұрынғыдан да жайлы болар еді, — деп пікірін білдірді тұрғын.

Жергілікті тұрғын Кулаим Тасмагамбетоваллеяда бұл жерге жұмыстан кейін жиі келетінін айтты.

— Жұмыстан кейін осында келіп, таза ауада серуендегенді ұнатамын. Мұнда бәрі ұнайды: айнала таза, тыныш әрі жайлы, — дейді ол.

Тұрғынның айтуынша, аллея отбасымен уақыт өткізуге де өте қолайлы.

— Кешкі уақытта отбасымызбен бірге серуендеуге шығамыз. Балалар да, үлкендер де уақытын жақсы өткізеді. Ең бастысы — өзімізді қауіпсіз сезінеміз- деп бөлісті тұрғын.

Аллеяда серуендеп жүрген жастардың бірі  Думан бұл ауданда шамамен үш жылдан бері тұратынын айтты.

— Мен осы шағынауданда үш жылға жуық уақыттан бері тұрамын. Маған бұл жердің орналасуы өте ұнайды. Барлығы жақын жерде орналасқан: сауда ойын-сауық орталығы да, аллея да, демалыс орындары да бар. Күнделікті өмірге өте ыңғайлы аудан, — дейді ол.

Жас тұрғынның айтуынша, аллея аумағының тазалығы да көңіл қуантады.

— Мұнда әрдайым таза, күтімі жақсы. Кешкі уақытта серуендеуге де, достармен кездесуге де қолайлы. Тұрғындар үшін барлық жағдай жасалған деп ойлаймын, — дейді Думан.

Ал аллеяны одан әрі дамыту туралы сұраққа ол спорттық инфрақұрылымды көбейтуді ұсынды.

— Егер мүмкіндік болса, ашық аспан астындағы спорт алаңын қосар едім. Жастардың жаттығу жасап, спортпен айналысуына жақсы жағдай болар еді. Сонда бұл орын одан да тартымды бола түсер еді, — деп пікірін білдірді аудан тұрғыны.

Жергілікті тұрғындар болашақта мұнда балалар алаңдары, қосымша орындықтар мен шағын демалыс аймақтары салынса деген ұсыныстарын білдіруде.

Бүгінде «Юбилейный» шағынауданындағы аллея тұрғындардың сүйікті демалыс орнына айналып қана қоймай, көршілерді жақындастыратын, салауатты өмір салтын насихаттайтын маңызды қоғамдық кеңістік ретінде қалыптасып келеді.

Томирис КАИРБЕКОВА, автордың суреті

РЕКЛАМА

НАШИ ПРОЕКТЫ

Edit Template

ТОО «Газета «Наш Костанай»

Копирование и перепечатка материалов ограничена. С условиями использования материалов сайта «Наш Костанай» можно ознакомиться по ссылке.




контакты

Адрес редакции:
110000 г. Костанай,

пр. Аль-Фараби, 90

Телефон/факс 
8 (7142) 54-27-53.
Email: gazeta@top-news.kz

Яндекс.Метрика




партнеры

tobolinfo-logo-new-1
log3
qm_01

Газета «Наш Костанай» © 1990 – 2026.