События

Қаламызда 143 жас жауынгер ант қабылдады

Бүгін Қазақстан Республткасының Ұлттық Ұланы “Орталық” өңірлік қолбасшылығы Қостанай қаласында орналасқан 6697 әскері бөлімі жас сарбаздары ант қабылдау рәсімі өтті

 

Бір айдан астам уақыт ішінде бөлім басшылығы мен офицерлердің тәлім-тәрбиесін, сержанттардың ерен еңбектерін бойларына сіңіріп, әскери өмірдің сыр сипатымен таныс болып, енді ант қабылдады.

– Құрметті қонақтар, ардагерлер, ата-аналар, сарбазды бүгінгі күн салтанатты және ерекше күн. Отан үшін қызмет ету қасиетті борыш, сонымен қатар үлкен жауапкершілік, – дейді бөлім командирі полковник Талғат Әбдіров.

Жалпы бүгін 143 сарбаз әскери ант қабылдады. Әскери ант қабылдау – Отаныңа, халқыңа ақтық демің шыққанша адал болу, ел басына сын сағат төнсе, мойымай көтеру, қажет болса жан қию деген сөз.

– Қымбатты сарбаздар, сіздерді барша ата- аналардың атынан құттықтаймын. Бүгін осы салтанатты күні ант қабылдадыңыздар, Отаныңызды қорғауға ант бердіңіздер. Кеше ғана кішкентай болып жүрген едіндер, ал бүгін ересексіңдер. Мұнда, басқа жерлерден гөрі, достық маңызды. Сондықтан бір-бірлеріне қол ұшын созып, көмек берулерін керек, – дейді қатардағы жауынгердің әжесі Алтын Жантлеева.

Жас сарбаздар отан алдындағы борышын аман-есен өтеп, туғпн еліне жеріне оралуына тілектеспіз.

Аяжан СЕРІК,
суретті түсірген Абиль ДОЩАНОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77