События

Қостанай қалалық лигасы 5 жыл үзілістен кейін қайта өтті

Іс-шараға колледж, мектеп, жоғарғы оқу орындарынан 15 команда қатысты. Бұл ойынға Қостанай, Рудный қалаларынан, сонымен қатар аудардарда ойыншылар келді. Ойын бір сәлемдесу турынан және бірнеше әзілдер көрсетілді. Жалпы зал лық толы болды.

Ең көңілді жастардың басын біріктірген «Жайдарман» бүгінде кеңінен танымал.

– 5 жылдан кейін Қостанай қалалық лигасы қайта ұйымдастырылды. Осындай ұзақ уақытта болмауының себебі, барлық екпін облыстық лигаға қойылды. Ол жерден “Рудный”, “Айқаз”, “Дарын”, “Сарыбай” құрамасы шықты. Қалалық лиганы қайта қолға алудағы мақсат Қостанайдан ойнайтын командалардың ойыны төмендеп кетті. Сондықтан қайтадан жаңдандырып, қаладан жаңа ойыншылар шығару, – дейді басты ұйымдастырушылардың бірі, лига жетекшісі Бақытжан Әлкебаев.

Сахна мәдениеті мен шеберлігі, ән мен би, сөйлеу мәнері, ой ұшқырлығы, мимика сияқты өнер атаулының түрлі жанрларын қамтитын әзіл-қалжың шығармашыл жастардың шеберліктерін жетілдіре түскенін әр ойын көрсетті.

– Ойын өте қызықты және әсерлі өтті. Зал көрермендерге толы болды. Әр команданың белсенді жанкүйерлері өздерінің сүйікті командаларын шын жүректен қолдағаны бірден байқалды. Шығармашылық, талантты және белсенді жас ұрпақ қоғамның дамуын, жастар саясатының қозғалысын ынталандыратыны сөзсіз,-дейді келген көрермендердің бірі Жанара Ержанова.

Барлық қатысушылар өздеріне тәлімгер таңдап, алдағы уақытта сол кісілермен жұмыс жасайтындығы айтылды. 5 тәлімгерде 3 құрамадан. Содан кейін ең мықты команданы таңдау үшін ойындар өтеді.

Аяжан СЕРІК,

суретті түсірген автор


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77