Шежіре – бұл ата-бабамыздың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын, ата тегіміздің туыстық бөлінісін сипаттап, баяндайтын дүние.
Шежіре дегенде өз руымыздың таралуын, қай атамыздан қандай адамдардың туыстық таралуын біліп, қандай толыққанды отбасынан өрбігендігімізді білеміз. Шежіре – бала туудың шығу тегін және олардың арасындағы өзара қарым-қатынасты зерттеуге бағытталған көмекші. Ал «Атың кім?», «Әкеңнің аты кім?», «Тегің кім?», «Қай елденсің?», «Руың қандай?», «Жүзің қандай?» «Жеті атаңды білесің бе?» деген сұрақтарды қою қазақтың қанына сіңген әдет. Өкініштісі сол, осы сауалдарға мүдірмей жауап беретін жастардың қатары сиреп барады. Бүгінде мәселені қолға алып, ұрпағының жеті атасын біліп өскенін қалаған жандар тарихқа үңіліп, шежіре кітабын жазуды қолға алғандарды да жолықтырып жүрміз. Ал осы орайда «шежіре» тақтасын қалауыңызша әсемдеп, жеті атаңызды тарқатып берсеңіз болады, тамаша сый, кәде ретінде жасап беретін қызмет түрлері де бар екенін айта кеткенді жөн көрдік. Бұл бір жағынан үйдің сәні әрі тарих деп айтуға болады. Жеті атаңызды ұрапағыңыз жатқа білсін десеңіз нағыз таптырмас шешім.
– Мен Жангелдин ауданы Торғай селосында туып өскенмін. Негізі мамандығым заңгер, үш баланың анасымын. Әкем Жылқыбай бала кезімізден ағаштан үйге арналған түрлі заттар жасайтын. Мысалға кім ілгіш, полкалар, шахмат фигураларын ағаштан ойып істейтін. Ал анам Кулшайым тігін тігетін қолы шебер жан, кәзір де барлық балаларына көрпе, төсек-орындарын тігеді, – дейді кейіпкеріміз.
Негізі 2018 жылдан бала күтіміне байланысты үйде отырып тойбастарлар, корзиналар жасап тігін тігумен айналысқан Толқын қолөнерге деген қызығушылығым мен ептілігім бойыма ата-анамнан дарыған болар деді. Кейін қазіргі таңда «шежіре» (жеті ата) жасату сәнге айналды, менде сыйлыққа тапсырыс бергім келіп, бірақ Қостанай қаласында жасайтын адам таппадым. Қарағанды қаласына тапсырыс бердім, «шежіре» қатты ұнады кейін осы «шежірелерге» қызығып өзім жасап үйренгім келді және Қостанай қаласында жеті ата жасайтын ешкім болмады. 2022 жылы 1 200 000 теңге көлемінде мемекеттік грант алып, ағашты кесіп жасау үшін, Қарағанды қаласына барып лазерлік станокқа тапсырыс беріп, және сол қалада тұратын «Шежіре» жасайтын (өзім тапсырыс берген) кісімен танысып, «шежіренің» жасалу жолдарын қарап шықтым. 2023 жылы маусым айында тапсырыс берген станок келіп, ақырын тапсырыстар алып жасай бастадым деді әңгіме барысында.
– Алғашында өзіме қызықты болды, бірте-бірте жаңа ойлар келіп бірнеше түрлерін жасай бастадым, тапсырыс берушілерімде арта түсті. Көп адамдар сыйлыққа жасатады. «Шежірелердің» бағасы көлемімен дизайынына байланысты 18000 -40000 арасында. Кәзір бұдан басқа түрлі сыйлық қорапшаларын, медаль ілетін, ақша жинайтын қораптар, блокноттар жазумен де айналысамын. Бұл бір жағынан кәсіп болғанымен, қарап отырсам осы кәсіп түрінің арқасында қаншама ұрпақ өз ата-бабасын толық танып-білу мүмкіндігіне ие болуда. Бұл да біздің еліміздің рухани байлығының, тарихының жазылып сақталып қалуына қосқан үлесіміз деп білемін, – дейді Толқын Бакир.
Жан ШАЙМЕРДЕН,
сурет кейіпкерден алынды
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77