Социум

Аймақ аумағында шомылуға және демалуға арналған 26 ресми орын бар

1 маусымнан бастап Қостанай облысында шомылу маусымы ресми түрде ашылды. Осы іс-шара қарсаңында ТЖД шомылу кезеңінде профилактикалық іс-шараларға қатысатын полиция қызметкерлері мен еріктілер үшін суда құтқарудың бастапқы дағдылары бойынша үйрету сабағын өткізді

Оқыту жедел-құтқару жасағының су-құтқару станциясының аумағында өтті. Құтқарушылар адамдарды судан құтқарудың және алғашқы медициналық көмек көрсетудің практикалық әдістерін көрсетті, қажетті жабдықтар мен қауіпсіздік ережелері туралы айтты. Сабаққа қатысушылар тәжірибелі нұсқаушылардың жетекшілігімен құтқарудың кейбір әдістерін өз бетінше пысықтауға мүмкіндік алды. Өткізілген сабақтың арқасында полицейлер мен еріктілер судағы төтенше жағдайларда адамдарға жедел және кәсіби көмек көрсетуге көмектесетін қажетті білім мен дағдыларға ие болды. Бұл шомылу маусымын Қостанай облысының барлық тұрғындары мен қонақтары үшін қауіпсіз әрі жайлы етуге мүмкіндік береді.
Облыстық ТЖ департаменті шомылу маусымына дайындықты қарқынды түрде жүргізіп жатыр. Аймақ аумағында шомылуға және демалуға арналған 26 ресми орын бар, ал оның ішінде 8-і коммуналдық және 18-і жеке жағажай. Жүргізілген рейдтер мен жазатайым оқиғалар статистикасы тұрғындар дәстүрлі түрде шомылатын су айдындарында шамамен 228 стихиялық орынды анықтады.

– Жедел деректерге сәйкес, облыстың су айдындарында 2023 жылғы шомылу маусымы кезеңінде 13 адам суға батып кетті, облыстың су айдындарында балалар мен жасөспірімдердің арасында 9 жазатайым оқиға орын алдын алды, – дейді Қостанай облысы ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Дәурен Рахметқалиев.

Биыл су қоймаларында тыйым салынған орындарда 400 ескерту және тыйым салу белгілері орнатылды, қосымша 100-ден астам белгі орнату жоспарлануда. Департаменттің күшімен шомылу кезеңінде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін күн сайын мобильді құтқару бекеттері қойылады. Сондай-ақ, шомылу кезеңінде профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және оны өткізуге департаменттің жеке құрамының 82-ден астам адамы тартылады, 15 бірлік жүзу құралдары мен 18 бірлік жоғары өтімді техника дайындалады.

Құтқару жасағының базасында қоғамдық құтқарушыларға белгіленген үлгідегі анықтамалар беріле отырып оқыту жүргізіледі. Департаменттің сүңгуірлері коммуналдық жағажайлардың, оның ішінде балалардың сауықтыру лагерлерінің акваториясына тексеру жүргізді.

Өзара іс-қимыл шеңберінде профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін полиция департаментінің, ұлттық ұланның, көліктік бақылау инспекциясының күштері мен құралдары және облыстың қалалары мен аудандары әкімдіктерінің өкілдері тартылады.

Өскелең ұрпақтың қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру мақсатында департамент облыс әкімдігінің білім басқармасымен бірлесіп 11 мыңнан астам оқушыны қамти отырып, 205 дәріс өткізді. Оқушылармен жұмыс жазғы демалыс кезінде балалардың сауықтыру, мектеп жанындағы орталықтарда, әлеуметтік желілердің сыныптық және ата-аналық чаттарында жалғастырылатын болады.

Аяжан СЕРІК,
Cуреттерді түсірген
Лариса БОЖКО


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77