Социум

Әрбір нысан мүмкіндігі шектеулі жандарға арнап лайықталуы тиіс

Биыл Қостанай қаласында  27 нысан мүмкіндігі шектеулі жандарға лайықталып, ретке келтіріледі. Оның жетеуі денсаулық сақтау, он сегізі білім беру ұйымдарында болмақ. Бұл туралы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру бөлімінің басшысы қалалық әкімдік кеңесінде мәлім етті

Ерекше қажеттілігі бар азаматтарға тең мүкіндік жасау әрбір мекеменің міндеті. Бүгінде Қостанай қаласында тек 78 нысан, мүмкіндігі шектеулі жандардың жүріп-тұруына бейімделген. Ал 62 мекеме талаптарға сәйкес келмейді. Сол себепті де мүгедектерге қолайлы орта құру мәселесі өзекті. Қазір бұл бағыттағы жұмыстар күшейтілді. Жыл соңына дейін тағы 27 нысан құрылыс нормаларына сай лайықталуы тиіс.

– Бүгінгі күні жұмыспен қамту бөлімі мүмкіндігі шектеулі жандарға сай қалыпқа келтірілетін инфақұрылым обьектілері шеңберіне сәйкестік туралы декларацияны келістіру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Мәселен, 2022 жылы біз 182 декларацияны келістіріп, ерекше жандарға тең мүмкіндік болмауының себебінен 32-сін қайтарып алдық. 2023 жылы 183 декларация келістірілді, оның 21-і қайтарып алынды, – дейді жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру бөлімінің басшысы Ақбөпе Манатова.

Бүгінде Қостанай қаласында 8000 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жандар бар. Олар үшін кедергілер кемитін емес. Мысалы, стандартқа сай келмейтін пандустарды айталық. Кейбір нысандардағы табалдырықтың биіктігі мен есік алдындағы бұрылыс-қиылыстарда қиындықтар бар.

– Қалада ерекше қажеттілігі бар жандарға аяқталмаған нысандар әлде қайда көп. Талапқа сәйкес келмегендіктен құрылысшылардан декларация қайтарылып алынды. Құрылысшылар мұндайға жол бермеуі керек. Әрбір жаңадан салынып жатқан нысан бірден мүмкіндігі шектеулі жандарға арнап лайықталуы тиіс, – дейді қала әкімі Марат Жүндібаев.

Айта кетейік, заңнамаға сәйкес талаптарды ескермеген жағдайда мекеме жауапкершілікке тартылады. Лауазымды тұлғаларға 50 айлық есеп көрсеткіш, ал шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 120 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін.

Нысандардың қол жетімсіздігінің бірнеше себептері бар. Біріншіден, ҚР БК бойынша үй-жай ішіндегі ойықтардың, есіктер мен өткелдердің ені 0,9 метр, қорытындылар бойынша – 0,8 метр болуы тиіс. Екіншіден, 2-қабатқа және одан жоғары деңгейге қол жетімділіктің болмауы. Ескі құрылыс жылдарының бейімделуі мен бейімделуінде тұрған объектілерде лифт шахтасы жоқ, осыған байланысты нысанға кіруді қамтамасыз ету техникалық тұрғыдан мүмкін емес. Сондай-ақ, бейімделу жұмыстарын жүргізуге ақша бөлу мәселесі бар. Білім беру объектілері, мемлекеттік мекемелер бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылады. Құрылыстардың көпшілігі жүк көтергіш қабырғалардың болуына және техникалық мүмкіндігінің болмауына байланысты қайта жаңартуға жатпайды.

Аяжан СЕРІК,
Суреттерді түсірген
Лариса БОЖКО


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77