Құрбан айт-мұсылмандардың басты мерекелерінің бірі
Үш күнге ұласатын діни думанда әртүрлі құлшылық амалдарының орындалатыны белгілі. Ғасырлар тереңінен шыққан ол мұсылмандардың бай рухани мұрасының ажырамас бөлігі болып табылады және мәңгілік құндылықтарды бейнелейді.
Қостанай қаласында таңғы сағат жеті де Айт намазы оқылды. Мешіт лық толы болды.
– Барлықтарыңызды бүгінгі мерекемен құттықтаймын. Бұл күндері Алла Тағаланың рақымына ерекше бөленуге болады. Сондықтан жақсылық жасап жатқан әр адамға тек бақыт тілеймін, – дейді келген қауымның бірі.
Әрбір мұсылман үшін Құрбан айт адамгершілікті жетілдірумен, мұқтаж жандарға көмек көрсетумен және қайырымдылықпен байланысты. Бұл күні адамдар құрбандық шалып, қайырымдылық жасайды. Алыс-жақын туған туыстары мен жақындарының қалың сұрап барады.
– 16 маусым Құрбан айттың бірінші күні. Біз қазір Тобыл қаласының кіре берісінде құлшылық етіп жатқан халыққа қызмет көрсетудеміз. Бұл жерде шариғат талабына сай бүкіл ұсақ мал, яғни қой шалынады. Қазіргі таңда Қостанай қаласына қарасты төрт мешіттің барлық қызметкерлері осы жерде қызмет істеуде. Оған қоса арнайы оқытылған 20 қасапшымыз да бар, – дейді Қостанай облыстық мешітінің наиб имамы Әлішер Балахмет.
Мешіт қызметкерлерінің айтуынша, жергілікті әкімшілік тазалық және тәртіп жағынан көмектесуде. Алдағы уақытта, осы үш күн ішінде халықтан етті жинап, ең алдымен су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға таратады. Одан кейін мұқтаж жандарға беріледі.
Аяжан СЕРІК,
суретті түсірген Лариса БОЖКО
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77