Қала әкімі блогер Рахим Ошақбаевты “Таза Қазақстан” акциясы аясында “Шағала”жағалауы мен триатлон паркіндегі жұмыстармен таныстырды
Бүгін қала әкімі белгілі блогер Рахим Ошақбаевқа “Шағала” жағалауы мен триатлон паркіне экскурсия өткізді. Бұл іс-шара экологиялық жағдайды жақсартуға және қала аумақтарын абаттандыруға бағытталған “Таза Қазақстан” жалпыұлттық акциясының бір бөлігі болды.
– “Шағала” жағалауындағы жұмыстар серуендеу аймақтарын қайта құруды, жаңа орындықтар мен шамдар орнатуды, сондай-ақ спорт және ойын алаңдарын құруды қамтиды. Жобаның мақсаты қала тұрғындары мен қонақтары үшін жайлы және қауіпсіз кеңістік құру, – деп атап өтті қала әкімі Марат Жүндібаев.
Триатлон паркі де айтарлықтай өзгерістерге ұшырайды. Жаңа велосипед жолдары, фуд кордтар, әжетханалар салынуда. Әкім мұндай спорт нысандарын дамыту салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал ететінін және жастарды спортпен шұғылдануға тартатынын атап өтті. Рахым Ошақбаев көргендеріне таңданысын білдіріп, қалалық инфрақұрылым мен экологияны жақсарту үшін осындай бастамалардың маңыздылығын атап өтті.
– Қала күніне дейін барлық абаттандыру жұмыстары аяқталады. Осы уақыт аралығында жөңдеу жұмыстары қарқынды түрде жүреді, – дейді қала әкімі.
“Таза Қазақстан” акциясы экологиялық проблемаларға назар аударуға және оларды шешу үшін жұртшылықты жұмылдыруға бағытталған. Акция аясында жаппай сенбіліктер өткізіліп, ағаштар отырғызылып, қала аумақтары көгалдандырылуда. Рахым Ошақбаев сияқты танымал тұлғалардың қатысуы кең аудиторияның назарын аударуға және адамдарды өз қалаларын абаттандыруға қатысуға шабыттандыруға көмектеседі.
Аяжан СЕРІК,
суретті түсірген автор
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77