Социум

Қостанайдағы сайлау учаскелерінде жоғары белсенділік байқалуда

Бүгін елімізде атом электр станциясының (АЭС) құрылысына байланысты жалпы халықтық референдум басталды. Бұл маңызды саяси шараға қатысу құқығына ие азаматтар өз таңдауларын жасауға кірісіп кетті.

Қостанай облысында барлығы 736 сайлау учаскесі ашылып, халықты қабылдауға толық дайын.

Олардың ішінде, әсіресе, 852-ші сайлау учаскесінде белсенділік ерекше байқалуда. Келушілердің саны көп, бұл тұрғындардың референдумға деген жоғары қызығушылығы мен жауапкершілігін көрсетеді. Учаскелерде ұйымдастырушылық жұмыс жақсы жолға қойылған, сайлаушылар еш қиындықсыз дауыс беріп жатыр.

852-ші учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы Карлығаш Есенованың айтуынша, учаскеде тіркелген сайлаушылар саны 1852 адамды құрайды. Таңертеңгі уақыттан бастап белсенділік жоғары болған, әсіресе, сағат 10-нан кейін халық көптеп келе бастаған.

“Бізде сайлаушылардың белсенділігі таңертеңнен-ақ жақсы болды. Әсіресе, сағат 10-нан кейін көп адам келді. Жастар мен ересек буын шамамен тең дәрежеде — екеуінің де қатысуы белсенді. Кейбір сайлаушылар отбасымен, балаларымен келді. Бізде екі адам алғаш рет дауыс берді, оларға шоколад сыйладық. Ең қарт дауыс беруші атамыз 86 жаста болды,” — деп бөлісті Карлығаш Есенова.

Бұл оқиға Қостанай өңіріндегі халықтың референдумға деген зор қызығушылығы мен азаматтық белсенділігін айқын көрсетеді. Референдумға қатысу — елдің болашағын айқындайтын маңызды қадам, және жергілікті тұрғындар бұл бастамаға үлкен ықыласпен атсалысуда.

Аяжан СЕРІК,
суретті түсірген автор


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77