№19 референдум учаскесі ретінде белгілі “Қостанай облыстық қуыршақ театрында”дауыс берушілердің ағымы тұрақты, кезек үздіксіз жүруде.
Референдум учаскесінде қызу жұмыс жүргізілуде.Дауыс берушілер кезекке тұрып, өздерінің азаматтық борышын орындауға асықты. Учаскеде дауыс беру процесі қатаң тәртіппен, барлық заң талаптарын сақтай отырып, ұйымдастырылды. Учаске ішінде арнайы бақылаушылар, учаскелік комиссия мүшелері қызмет етіп, дауыс берудің әділ және ашық өтуін қадағалады.
Тұрғындардың басым бөлігі өз таңдауын жасау үшін театрға ерте сағаттарда келген. Әсіресе егде жастағы адамдар мен отбасылар балаларымен бірге дауыс беруге келгені байқалды. Жас сайлаушылардың алғаш рет дауыс беруі де ерекше назарда. Олар үшін арнайы шағын сыйлықтар ұсынылды.
– Бүгінгі референдумда тіркелген 2129 адамның 1070-ке жуығы дауыс берді. Бұл – біз үшін өте қуанышты көрсеткіш. Дауыс берушілердің қатарында 3 адам алғаш рет қатысып отыр. Тұрғындар белсенділік танытып, өз дауыстарын беруде. Бұл – біздің қоғамымыздың болашағына қатысты маңызды шешім қабылдау үшін азаматтардың жауапкершілігін көрсетеді. Біз учаскеде барлық жағдайды қамтамасыз етіп, дауыс берудің әділ өтуіне жұмыс жасаудамыз. Қатысушылар үшін ешқандай кедергі жоқ, бәрі қолайлы,-деді № 19 учаскелік референдум комиссиясының төрайымы Диана Рабатова.
Референдум барысында дауыс берушілердің қатарында өз таңдауын алғаш жасаған тұрғындар да бар. Олардың бірі – қала тұрғыны Алина Семенова, ол бүгінгі сайлауға алғаш рет қатысып жатыр.
– Мен бүгін дауыс беруге алғаш рет келдім. Бұл мен үшін ерекше күн. Өз елімнің болашағына әсер ететін шешім қабылдауға мүмкіндік алғаныма өте қуаныштымын. Дауыс берушілердің арасында мен сияқты өз таңдауын алғаш жасаған тұрғындар да көп. Мен дұрыс таңдау жасадымдеп сенімді түрде айта аламын. Өз дауысымды беріп, азаматтық борышымды орындағаныма өте ризамын,-дейді қала тұрғыны Алина Семенова.
Дауыс беру кешкі 20:00-ге дейін жалғасады. Қостанай тұрғындары бұл референдумды маңызды оқиға ретінде қабылдап, өз болашақтарына әсер ететін шешім қабылдау үшін барынша жауапкершілікпен қарауда.
Дильназ Изделюева
Суреттерді түсірген автор
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77