Социум

Еліміздің болашағына әсер ететін әрбір шешім маңызды

Бұл таңдау тек бүгінгі емес, ертеңгі күннің де іргетасы.

Қостанай қаласының С.Мәуленов атындағы гимназиясында орналасқан №23 референдум учаскесі бүгінгі күні өзінің тыңғылықты жұмысын атқаруда.

Мектеп ғимаратының ішінде арнайы жабдықталған дауыс беру орындары сайлаушыларды қарсы алып, әр адамға ыңғайлы әрі қауіпсіз жағдай жасалған. Комиссия мүшелері өз міндеттерін мұқият орындап, дауыс беру тәртібінің заң талаптарына сай өтуін қадағалауда.

Дауыс берушілердің легі күн бойы бір толастаған жоқ. Учаскеде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ерекше жағдайлар жасалған.

Таңертең №23 референдум учаскесінің есігін ашып, күнделікті жұмысымызға кірістік. Адамдар әлі келмеді деп ойлап үлгермей, әрдайым бірінші болып дауыс беруге келетін қария табалдырықтан аттады. Ол кісі жыл сайын бізді таңғалдырмай қоймайды, ешқашан бірде-бір сайлауды өткізіп көрген емес. Бұл жолы да алғашқылардың қатарында дауыс беруге келді. Жасы 90-нан асқан қариялардың да дауыс беруге арнайы келгенін көріп, таң қалмасқа болмайды. Олар үшін бұл іс тек азаматтық борыш қана емес, жүрек түбіндегі елге деген сүйіспеншіліктің көрінісі. Дауыс беру – міндет, деп келген қариялар өздерінің ұрпағына үлгі көрсетіп тұр. Көзіме ата-аналар балаларымен бірге келіп, дауыс беріп жатқан сәттер ерекше ыстық көрінді,-деді №23 учаскелік референдум комиссиясының төрағасы Мадибаев Асылан.

Бүгін №23 референдум учаскесінде тағы бір ерекше оқиға орын алды. Туған күнін дәл осы күні атап өткен бірнеше азаматтар да келіп, өз таңдауларын жасады. Оларға арнап шағынсыйлықтар да дайындалып, ұсынылды.

 

Дильназ Изделюева

Суреттерді түсірген автор


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77