9-12 қазан аралығында «Қазақстандағы саяси диалогтың негізгі құрамдас бөлігі ретінде азаматтық қоғам субъектілерімен жүргізілетін мемлекеттік даму бағдарламаларының мониторингі» тақырыбында тренинг өтуде
Бұл шара мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін арттыруға бағытталған және азаматтық қоғам өкілдеріне мемлекеттік жобаларды бақылау мен бағалау жүйесін үйретуге арналған. Қатысушылар мемлекеттік даму бағдарламаларының қоғамдық мониторингінің не екенін, оның қоғамдағы рөлін және саяси диалогтағы мәнін терең түсінеді. Мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы қоғам үшін өте маңызды болғандықтан, азаматтардың олардың орындалу барысын бақылауға атсалысуы шешім қабылдау процесіне белсенді араласу мүмкіндігін береді.
Тренингтің негізгі мақсаттары:
Қатысушылардың қызығушылығын арттыру:
Мемлекеттік бағдарламалардағы олқылықтарды анықтап, олардың тиімділігін арттыруға көмектесу мүмкіндігі азаматтардың қоғамдық белсенділігін ынталандырады.
Тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру:
Қатысушылар мониторинг жүргізудің практикалық әдістерін меңгеріп, алынған деректерді талдауды, аналитикалық есептер мен ұсыныстар дайындауды үйренеді.
Ақпаратты дұрыс жеткізуге үйрету:
Қатысушылар мониторинг нәтижелерін кәсіби түрде ұсынуды, баспасөз хабарламаларын жазуды, журналистермен байланыс орнатуды, сондай-ақ әлеуметтік медиа арқылы ақпарат таратуды үйренеді.
Қатысушылар мониторинг процесінің кезеңдерімен танысып, қандай құралдар мен әдістерді қолдану тиімді екенін үйренеді. Мемлекеттік бағдарламалардың мақсаттарына қол жеткізу, қаржыны дұрыс игеру, сапалы қызмет көрсету секілді аспектілерді қалай бақылауға болатынын талқылайды. Тренингте қатысушылар мониторинг нәтижелерін дұрыс талдау әдістерін меңгеріп, алынған ақпаратты жинақтап, аналитикалық есеп дайындауды үйренеді. Тренинг қатысушылары теориялық біліммен ғана шектелмей, практикалық жаттығулар арқылы өз дағдыларын шыңдайды.
Дильназ ИЗДЕЛЮЕВА, суреттерді түсірген автор
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77