Социум

Картада барлық автобус бар: 2ГИС Қостанайда автобустардың қозғалысын көрсете бастады

Енді 2ГИС мобильді қолданбасы нақты уақытта автобустардың қай жерде екенін көрсетеді.

Қоғамдық көлікпен жүретіндер үшін 2ГИС бұрыңғыдан да ыңғайлы болды. Енді сіз мына әрекеттерді жасай аласыз:

→ Қажетті автобустың қай жерде екенін алдын ала қарап, аялдамаға асықпайсыз.

→ Ауысып отырмай жеткізетін көлікті күтесіз.

→ Егер адам көп болса, келесі автобус қашан келетінін қарай аласыз.

Сондай-ақ 2ГИС пайдаланушыларға барлық автобус бағыты туралы өзекті ақпаратты ұсынады. Аялдамалардың орналасуын, жақын жерде қандай маршруттар бар екенін және сапарға қанша уақыт кететінін оңай көруге болады.

Егер сіз аялдама белгішесін бассаңыз, картада автобустар пайда болады. Осылайша сіз қандай көліктің келе жатқанын көре аласыз. Тағы бір нұсқа — іздеу жолағына белгілі бір маршруттың нөмірін енгізу.

Бұл функционал маршруттарды жақсырақ жоспарлауға және жол жүру уақытын қысқартуға көмектеседі. Сонымен қатар пайдаланушылар нақты уақыттағы көлік қозғалысын бақылай алады, бұл қалада жүруді айтарлықтай жеңілдетеді.

Бұл функция iOS және Android қолданбаларында қолжетімді және интернет қосулы болғанда жұмыс істейді.

Енді Қостанай тұрғындары қоғамдық көлікті сенімді пайдалана алады, өйткені олардың смартфондарында әрқашан қолжетімді ақпарат бар!

 


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77