Новости

Атаулы әлеуметтік көмек: Жаңа жүйе енгізілді

Алфавиттік тәртіпте құжаттар қабылданатын болады

Атаулы әлеуметтік көмек алушылар арасында түсінбушілікке жол бермеу үшін, әкімшілік өкілдері әлеуметтік көмекке құжаттарды тапсыру механизмін түсіндірді.

Өйткені, осы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек жаңа тәсілдер бойынша төленеді.

– Атаулы әлеуметтік көмек алушылар қаңдар айының 5-7 аралығында өтініш беру үшін мекемеге келудің қажеті жоқ. Егер адамдар 31-ші қаңтарда келсе де, сол айдың толық төлемін алады, – деді Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Рүстем Каркенов.

Еске сала кететіндігі, атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған кезде еңбеке қабілетті отбасы мүшесіне жұмыс ұсынылады, егер ол жұмыс істеуден бас тартса түгел отбасы атаулы әлеуметтік көмектен толық айырылады.

Қала әкімдігі, Жұмыспен қамту орталығына кімге және қашан келу керектігі жайлы егжей-тегжейлі кесте жасады.

– 2020 жылдың 5 қаңтарынан бастап, кестеге сәйкес, алфавиттік тәртіпте, фамилияның бірінші әрпіне сәйкес қабылдау жүргізіледі. Мысалы, сіздің тегіңіз «А» әріпінен басталса, қаңдар айының алғашқы жетісінде қабылдаймыз. Егер «Қ, К» әріпінен басталса, онда 14 қаңтарда келсеңіздер болады, қалған барлық әріптер ретімен осылай жүргізіле береді, – деді жұмыспен қамту орталығы бөлімінің басшысы.

Жұмыспен қамту орталығы мамандары азаматтарды «өздерінің» күндерінде келулерін сұрайды. Ол күнінен кешіккен жағдайда да қабылдау жүргізіле береді, алайда кезекке тұрып өзгелерді де күттіруге тура келетіндігін естен шығармау керек.

2019 жылдың мәліметтері бойынша, Қостанай қаласында 3318 отбасы немесе 13 мыңға жуық адам атаулы әлеуметтік көмек алған.

– Осы жылдың өзгерісі бойынша, АӘК үш айға тағайындалады, осы мерзімнен кейін алушыларға алдыңғы тоқсандағы кірістерін растайтын құжаттарды қайтадан әкелуі керек. Көмек тағайындаудың шекті өлшемі күнкөріс деңгейінің 70% құрайды, – деді Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі басшысы Акбопе Манатова.

– Атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар кепілдендірілген тамақ өнімдерімен және гигиена заттарымен қамтамасыз етіледі. 6 жастан 18 жасқа дейін – мектепте ыстық тамақпен қамтылып, мектепке бару үшін жолақы, мектеп формасы мен керек-жарақтар. Барлық қажетті құжаттарды оқушылар оқу орнына әкелу қажет, – деді Қостанай қаласының жұмыспен қамту орталығының басшысы Жәнібек Ерсұлтанов.

Атаулы әлеуметтік көмекті растауға қатысатын учаскелік комиссия болады. Осы ретте бүкіл процесс өте жауапты, бірақ мемлекеттік қызметшілер барлық жұмысты абыроймен және жылдам орындауға уәде береді.

Сералы МЫРЗАБАЙ,
Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77