Сыйға тартылған кітаптар 500 данадан асты
Уақыт ешқашан бір орнында тұрмақ емес. Өмірде үнемі жаңа байланыс технологиялары, жаңа ақпарат тасығыштар пайда болып жатады. Алайда кітапхана ақпараттық ресурстар шоғырланған, көптеген қызықты және пайдалы нәрселерді білуге болатын өзіндік орын болып келді және солай болып қала бермек.
Себебі адамзаттың тамаша туындысы – кітаптан артық мәңгілік ештеңе болмасы анық. Қазіргі кезде кітапты интернеттен де, электронды құрылғылардан да оқуға болады, бірақ жұрт бұрынғыша кітапханаға келуін тоқтатқан емес. Себебі қағаздан жасалған кітаптың қасиеті ерекше. Оларда оны бұрын оқыған адамдардың қолының жылуы мен көңіл күйі қалып қояды. Әр том өзінше тамаша, кітаптың әр беті жаныңда отырған жолдасың секілді керемет оқиғаларды айтып береді. Сол себепті де кітапхана үшін бұрынғы иелерінің өмірінен сыр шертер оқырмандар тарту еткен кітаптар ерекше бағалы болып табылады. Л.Н.Толстой ат. облыстық әмбебап ғылыми кітапхана да осылардың қатарынан саналады.
Сый беру – бұл жүрек қалауы, жомарттық, адал ниет, өз кітапханасына деген шынайы сүйіспеншілік. Біз жерлестеріміздің жеке қорындағы кітаптарды ризашылықпен қабылдаймыз және әр сый берушіге қорды толықтыруға қосқан үлесі үшін шын жүректен алғыс айтамыз. 2019 жылдың өзінде ғана сыйға тартылған кітаптардың көлемі 500 данадан асып түсті. Бұл кітаптардың барлығы алғысы шексіз жаңа оқырмандарын тауып жатады.
Л.Н.Толстой ат. ҚОӘҒК ұжымы біздің тұрақты оқырманымыз М.Бірімжановқа кітапханаға сыйға тартқан басылымдары үшін ризашылығын білдіріп, шын жүректен алғыс айтады.
Кітапхананың кітап қорын толықтыруға өз үлесін қосқан тағы да көптеген тамаша кісілерді, қаламыздың тұрғындары мен қонақтарын, ұйымдары мен кәсіпорындарын атап шығуға болады.
Олардың барлығына баға жетпес тартулары үшін шын жүрегімізден алғыс айтамыз. Бұл адамдар ешқашан риясыздық, ізгілік және жомарттық секілді сирек қасиеттерді жоғалтпайтынына сенімдіміз.
Светлана КАБИЕВА,
Өлкетану әдебиеттері бөлімі қызметкері
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77