Бұл акцияға қайырымды жандар жылда өздерінің комақты үлестерін қосып келеді
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы «Зекет» қайырымдылық қорының «Ел үлесі — пәтерге» акциясы аясында елімізде баспанаға мұқтаж жандарға, көп балалы отбасыларға көмек көрсетіліп жатқаны баршамызға мәлім.
Бұл – акция мешітке келуші жамағаттармен қайырымды жандардың үлес қосуымен жүзеге асуда.
Республика бойынша 174-ші үйдің кілті Жангелдин ауданы Торғай селосының тұрғыны, алты баласы бар ана Мадина Қонысоваға бұйырды.
Баспананың кілтін Қостанай облысының Бас имамы Бақытбек Нұрғабылұлы Тәжімбеттің арнайы тапсырмасымен Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің Бас имамы Дархан Исламбекұлы табыс етті.
Қуаныш иелеріне аудан тұрғындары әрі мешіт жамағаттары кілем тарту етті. Үлкен шаттыққа бөленген жанұя шынайы ризашылығын білдіріп, алғыстарын жаудырды.
Бұл есте қаларлық оқиғаға аудан әкімінің орынбасары, ардагерлер кеңесінің төрағасы және жергілікті тұрғындар куә болды. Олар шаңырақты көріп, ақсақалдар батасын берді.
Баспаналы болған көп балалы отбасының атынан жиналған қауым және ұйымдастырушылар, тілекші жандар жайылған дастарханнан дәм татты.
Облыстық мешіттің аппарат басшысы Қанат Орынтайдың айтуына қарағанда, «Зекет» қайырымдылық қоры бірінші кезекте көп баланы дүниеге әкеліп, тәрбиелеп отырған жандарға қолұшын беруге ұмтылады. Өйткені, еліміздің жарқын болашағы жастардың қазірден бастап, жылы да жарық үйде өсіп, ештеңеге алаңдамай білім алулары маңызды.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77