Ол жайлы белгілі ақын қостанайлық сайлаушылармен кездесуінде айтты
Бүгін Қостанай тұрғындарымен кездескен Қазыбек Иса Құрылтайға қатысудағы мақсатымен бөлісіп, «Ақ жол» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Оның айтуынша, қазіргі банк карталары арқылы төлем жасағаның үшін комиссияның ұсталмауы партияның жемісті жұмысы.
— «Ақ жол» партиясы Салық Кодексіндегі өзгерістерге қарсы шыққан жалғыз партия. Салықтың көтерілуі көптеген шағын және орта кәсіптің құлдырауына, тіпті жабылуына әкеп соқты. Өздеріңіз білесіздер, кез келген кәсіп азаматтарды жұмыспен қамтуға себеп. Біздің партияның негізгі ұсыныстарының бірі — салық жүйесін өндіріс пен кәсіпкерлікті ынталандыратындай өзгерту, — деді Қазыбек Иса.


Сонымен қатар, ол партияның ұлт болашағы, тіл тағдыры мен діни радикализмге қарсы жасаған жұмыстарын тілге тиек етті. «Ұлттық мүддені қорғау — мемлекеттік тілден басталады» деген Қазыбек Иса «Ақ жол» партиясының негізгі ұсыныстарының ішіндегі ел егемендігіне және ұлттық мүддені қорғаудағы басты басымдылыққа да ерекше тоқталды.
— «Ақ жол» партиясы тіл мәселесі, шекара тұтастығы мен ұлт абыройына да ерекше мән береді. Себебі, тәуелсіздік — жеріміздің тұтастығы, ана тіліміздің мәртебесі, халқымыздың бірлігі және өз тағдырымызды өзіміз айқындау құқығы. Сондықтан, 23 тамызда барлығымыз бір адамдай сайлау учаскелеріне барып, өз таңдауымызды жасайық, — деді ол сөз соңында.





Ұлту Жүзбай, суретті түсірген Лариса Божко
«Ақ жол” ҚДП-ның сайлау қорынан төленді
