Новости Политика

«Ақ жол» партиясының орталық кеңесінің жиыны өтті

Бүгін Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында «Ақ жол» париясының орталық кеңесінің пленумы болып өтті

Аталмыш алқалы жиынды партия төрағасы Азат Перуашев ашты. Төраға өз баяндамасында партияның ҚР Парламентіндегі фракциясының арқарған жұмысы мен Мәжіліс депутаттарының көтерген өзекті мәселелеріне тоқталды.
Сонымен қатар, ел мүддесіне арналған Ақ жолдық депутаттардың Үкіметке жолдаған өзекті саулдарын атап өтті.

Алқалы жиынға Ақ жол партиясының Қостанай облыстық филиалының төрағасы Махаббат Жұтаев қатысуда.

– Бүгінгі өткен жиын біз үшінмаңызды болып отыр. Өйткені осы 2019 жыл елімізде елеулі оқиғаларға толы болды. Маңызды сайлауды өткердік. Келер жылы біздің партия үшін жауапты істер күтіп тұр. Біз осы бағыта жұмыс істейтін боламыз, – дейді Махаббат Жұтаев.

­Алқалы жиынның соңы партия мүшелерінің мемелекет тарапынан алған марапаттарын және Азат Тұрлыбекұлы партияның жаңа мүшелеріне партия билеттерін табыс етумен аяқталмақ.

Мешіт ҒАЗИЗ
Нұр-Сұлтан қаласы


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77