Социум

Аяжан СЕРІК: “Бағалай бастайды екенсің…”

Үйіңнен тыс жерде жүргенде ғана келетін ойлар

Басқа қалаға бару, жаңа адамдармен танысу әрқашан қызықты оқиғаның бастамасы. Әр қаланың өзіндік ерекше атмосферасы бар, ол жылдар бойы, тіпті ғасырлар бойы қалыптасады. Ал сол қаланы көріп, оның тұрғындарын сырттай бақылаған кезде өзіңнің жерлестеріңмен салыстыра бастайды екенсің..

Жақында мен басқа қалаға, яғни Ақтөбе қаласына тренингке барған болатынмын. Алғаш рет басқа қалаға барып, өз қаламдағы адамдарды бағалай бастадым. Мұнда олар ашық, азда болсын мейірімдірек және барабар. Дәл мен барған кезде сол жерде қала күні өтіп жатты. Әрине, мен де жиналып кешкі мерекелік концертті тамашалауға кеттім. Әдеттегідей, еліміздің атақты жұлдыздары, түрлі қонақтар келді. Мен алдыңғы қатарда тұру үшін бірнеше сағатқа ертерек бардым, дәл мен сияқты жасаған адамдар да болды. Кейін концерттің басталуына аз қалған кезде үлкен тәтелер өздерінің балаларын алдыға жіберуді сұрады, одан кейін өздері де тұрғысы келетіндігін айтып шу көтерді. Егер тек біреуі солай жасаса үндемес едім, бірақ келген әрбір үлкен кісі осылай жастармен ұрысып, олардың әдепсіз екендігін айтып, айқайлап қоймады.

Біздің қалада да мен ертерек барып, алдыңғы қатарда өзіме орын аламын. Мені итеріп, не болмаса менімен ұрысып алдыға өтіп кететін жайттарды әлі кездестірмедім. Тіпті, күзетіп тұрған Ұлттық ұлан сарбаздарына да ешкім “балаларымды алдыға апарып қойшы, оған ештеңе көрінбейді, сосын мені де білдіртпей кіргізіп жіберші” деген сияқты сұраулар мүлдем болмайды. Ал сол қала тұрғындары үшін бұл әдеттегі жағдай. Сырт көзбен қарағанда жабайылық тәрізді. Қала жалпы өте әдемі, иә, ол қаладан шыққан керемет адамдар да бар.

Мүмкін, бірнеше адамның ісіне қарап, бұлай жазған дұрыс емес шығар. Дегенмен, бұл тек менің ойым. Бұл жердегінің барлығы өз көзіммен көріп, өз құлағыммен естіп жазғандарым.

Біз бір елде өмір сүрсек те, әрбір аймақтың менталитеті бәрібір басқаша болып шығады. Үйде қалыпты және түсінікті болып көрінетін нәрсе мұнда басқаша қабылданады. Кейде бұл айырмашылықтарға үйрену қиын және бұл жайттар өзіңнің қалаңдағы тұрғындардың қаншалықты барабар екендігін көрсететін мысал болып табылады.

 


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77