События

“Аэропорт” шағын ауданында – Наурыз думан

Әз-Наурыз тойын барша Қазақстан болып тойлап бастағалы еліміздің түкпір-түкпірінде тамаша іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Біздің қаламыз да бұл ретте қалыс қалмауда. Әрбір қала тұрғыны мерекелік көңіл-күйді сезінуде.

Бүгін аталмыш той “Аэропорт” шағын ауданында жалғасын табуда. “Керуен” демалыс саябағында алты қанатты киіз үй құрылып келушілерді ұлттық тағамдармен және мерекенің басты белгісі наурыз көжемен қарсы алуда. Халық нағыз мерекелік іс-шараның куәсі болуда. Ән мен күйдің ырғағымен би билеп, Қыдыр атаның батасын алған тұрғындардың қарасы қалың. Ұлттық ойындар орнатылып, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптан көріністер көрсетілуде. Сонымен қатар қыз-қыз қайнаған сауда-саттық мерекенің сәніне көрік қосты.

– Биылғы жылы Наурыз мерекесін халық ерекше сезініп жатқанын көруге болады. Наурыз думанға отбасымызбен келдік, ауа райы да тамаша шуақты. Іс-шара өте тамаша ұйымдастырылған. Алғысымыз шексіз. Осы сәтті пайдалана отыра барша қостанайлықтарды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтаймын! Ақ мол болсын. Еліміз тыныш болсын, – деді шағын ауданның тұрғындары.

Жан ШАЙМЕРДЕН, суреттерді түсірген автор


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77