Біздің Қостанай Социум

«Айналайын, қазақтың қыздары-ай»

Көптен күткен сұлулық байқауы мәресіне жетті

Өткен аптада Қостанай қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Қостанай аруы-2023» сұлулық байқауы өтті.

Бұл Қостанай қаласында алғаш рет өтіп жатқан ұлттық салт-дәстүрді дәріптейтін арулар байқауы. Жобаның басты мақсаты жастар арасында әдет-ғұрыпты жаңғыртуға және насихаттауға бағытталған іс-шара. Байқауға 7 ару қатысты, бірінші кезең аспаздық кезеңі болды, ол жерде қыздар ұлттық тағамдарды дайындау, аспаздық шеберлікті тексеруге бағытталған кезең. Қатысушылар дайындаған тағамдарын жәрмеңкеде сатып, түскен қаржыны кішкентай бүлдіршіннің еміне жіберді. Екінші шығармашылық кезең, қыздар өздерінің шығармашылық қабілеттілігін көрсеткен болатын. Үшінші кезең «Сұлу мүсін-сыр сымбат» деп аталды. Арулардың жүріс-тұрысы, сахнада өзін ұстай білу өнерлерінің көркемділігі, сымбаттылығы, оған қоса қазақ ұлттық этностилінде дефиле бағаланды. Соңғы кезең интеллектуалдық сайыс, арулардың білімін тексеріп, түрлі сұрақтар қойылды.

Мысалы, «Есік ашар дегеніміз не?», «Сыңсу дегеніміз не?», «Байғазы беру, көрімдік беру ұғымдарына түсініктеме» деген сияқты әдет-ғұрып, салт дәстүрге байланысты сұрақтар болды. Қыздардың барлығы жақсы жауап беріп, ақылына көркі сай екендігін дәлелдеп берді.

– Сайыс жоғарғы деңгейде өткізілді. Шешуші сәтте қортындысы бар екендігін ұмытпағанымыз жөн. Барлық кезеңдерді ескеріп, шешім шығарылды. Біздің көргеніміз өте керемет болды. Қыздардың өздері қандай, өнерлері де сондай. Бірінен бірі асқан сұлу қыздар. Алайда, байқау болған соң жеңіс пен жеңілісте болады, – дейді әділқазы мүшесі.

«Қостанай аруы-2023» атағына ие болған, оған қоса 300 мың теңге қаржылай сыйлық иегері А. Байтұрсынов атындағы 3 курс студенті Қарлығаш Болатбекова. Ал екінші орынды және 200 мың теңгені филолог, «Жүректен» сұлулық салонының негізін қалаушысы Әсел Дүйсенбі алды. Үшінші орынға және 100 мың теңгеге А. Байтұрсынов атындағы университеттің 2 курс студенті Мадина Нурманова ие болды. Айта кететін жайт, қыздардың барлығына орындардан бөлек номинациялар да берілді. Соның ішінде «Инстаграм аруы» номинациясының иегері Назира Дарабаева атанды.
33 күн, 3 кезең, 3 фотосессия, 17 дайындық күні, 7 қатысушы. Әр финалист ерекшеленді, алайда біреуі ғана «Қостанай аруы – 2023» атанды.

Аяжан СЕРІК,
суретті түсірген
Лариса БОЖКО


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77