События

«Айналдым сенен, Атамекенім» атты онлайн қызғалдақтар фестивалі өтті

Қатысушылар үш аталым бойынша өнерлерін ортаға салды

Фестиваль «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығының» ұйымдастыруымен өтті.

Сайыс барысы үй аталымнан тұрды. Ақындар «Қызғалдақты құт мекен» тақырыбында арнау арнап, «Өнерлінің қолы ортақ» кезеңінде қолөнершілердің еңбегі сараланды, соңғысы «Қызғалдақтар биі» онлайн хореографиялық байқауы өтті.

– ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н. Назарбаевтың «Ұлы даланың 7 қыры» мақаласын жүзеге асыру, жетінші қыры «Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны». Қызғалдақ – Қостанай облысының елтаңбасында бейнеленген символы. «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының «Фольклор мен музыканың мың жылы» арнайы жобасы негізінде қазақ халқының фольклорлық этномузыкасын сақтау және насихаттау; қолөнер саласындағы шеберлерді қолдау, би өнерінде ұлттық мәдениеттің біртұтастығын сақтау мақсатында орындаушылық өнерді жария ету, көпшілікке таныту, жастарды ұлттық өнерге тарту және шығармашылық өсу үшін жағдай жасау, – дейді ұйымдастырушылар.

Фестивальде Қостанай облысының Амангелді, Жангелдин, Науырзым, Қамысты, Әулиекөл аудандары мен Арқалық қалаларының ұжымдары өнер көрсетті.

«Қызғалдақты құт мекен» онлайн арнаулар байқауында қазылар алқасының шешімімен І орын – Жангелдин ауданынан Бүркітбай Фариза, ІІ орын – Арқалық қаласынан Апбасхан Балғын, ІІІ орын – Амангелді ауданы Есір ауылы Балтасар Тұрысбекұлына берілді.

«Өнерлінің қолы алтын» атты онлайн аймақтық қолөнершілер байқауында І орын- «Қызғалдақ гүлі» былғары – Тұрысбек Айдар, Амангелді ауданы, ІІ орын – «Қазақ даласының ұлылығы» – Іздібаева Нұрай Маратқызы, Арқалық қаласы, ІІІ орын- «Наурызым қорығы» – Өтелбаева Гүлнұр, Наурызым ауданына бұйырды.

Ал, «Қызғалдақтар биі» онлайн аймақтық хореографиялық байқауы бойынша І-орын «Ақбота» халық би ансамблі, жетекшісі Айгерім Балғынбаева, Арқалық қаласы, ІІ-орын «Ерке наз» би ансамблі, жетекшісі Жанат Алимбаева, Жангелдин ауданы, арнайы сыйлық – «Қызғалдақтай ерке қыз» биі, орындаған Мөлдір Ғабдыбекова, жетекшісі Данагүл Молдашева, Амангелді ауданына берілді.

Қатысқан барлық жүлдегерлер дипломмен және қаржылай сыйақымен марапатталды. Жалпы, 60 өнерпаз атсалысты. Бейнежазбалар орталықтың әлеуметтік желідегі парақшасына жүктелген.

Сералы МЫРЗАБАЙ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77