Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметов Өңірлік коммуникациялар алаңында брифинг өткізді
Брифингте Қостанай қаласының ағымдағы жылғы даму барысы қорытындыланды, сонымен қатар, 2020 жылға арналған перспективалар туралы баяндалды.
Кәсіпорындардың тұрақты жұмысы индустриялық секторда оң өсу қарқынын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 430 млд теңгені құраған.
– Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асыру кезінде Индустрияландыру картасы аясында қалада 30 жоба пайдалануға берілді, жалпы инвестиция көлемі шамамен 85 млрд теңге, 2 мыңна астам жаңа тұрақты жұмыс орны құрылды, – деді Қайрат Ахметов.
Ағымдағы жылы 10,2 млрд теңге сомасына 4 инвестициялық жоба іске асырылған. Құрылыс секторында үлкен жұмыстар жүргізілуде. Жыл қорытындысы бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі 8,8 пайызға өсіммен 42 млрд теңгені құрап отыр.
– Азаматтардың тұрғын үй жағдайын жақсарту мәселесі қала үшін басым бағыттардың бірі болып табылады. 2019 жылдың қорытындысы бойынша 231,5 мың шаршы мерт тұрғын үй пайдалануға берілді. Қостанай қаласының үлесіне облыстық тұрғын үйді іске қосу көлемінің 65 пайыздан астамы тиесілі. Ағымдағы жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында тұрғын үй және инженерлік коммуникациялар құрылысына бюджеттен 16,8 млрд теңге қарастырылған, – деді қала әкімі.
Сұрап-жауап барысында журналист тарапынан алдағы келе жатқан жаңа-жыл мерекесі қаламызда қалай аталып өтіледі деген бағытта сауал жолданды.
– Жаңа-жыл мерекесін біздің балаларымыз асыға күтетіні белгілі. Оған байланысты арнайы бағдарламалар өз кезегімен дайындалатын болады. Алайда, жаңа-жыл мәселесінен бұрын алдыда Тәуелсіздік күні келе жатыр. Ең алдымен Егемендік мерекесін салтанатты түрде атқаратын боламыз. Сондан соң жаңа-жыл мерекесі де өз кезегімен аталып өтілетін болады, – деді Қайрат Ахметов.
Сералы МЫРЗАБАЙ
Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77